Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы 1871 - 1927 жылдары өмір сүрген алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы

Скачать

Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы 1871 - 1927 жылдары өмір сүрген алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы. Алашорда қозғалысына белсене қатысқан екі Ахметтің болғаны тарихтан белгілі. Олардың біріншісі - ағартушы Ахмет Байтұрсынов, екіншісі - заңгер Ахмет Бірімжанов.

Ахмет Бірімжанов 1891ж. Орынбор ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899ж. Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Сол жылдан бастап Орынбор және Троицк округтік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық уездік соттарында заң қызметкері болып жұмыс істеген. 1906 - 1907ж. Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік думаларына Торғай облысы қазақтарының атынан депутат болып сайланады. Думада ол мұсылман фракциясының белсенді мүшесі болады. Бірімжанов ұлт аймақтары мен қазақ халқын аграрлық комиссияға енгізу туралы мәселе қойған. ІІ Думада қазақтың жеріне байланысты нақты мәселелер көтеріп, мұсылман фракциясының қатысуымен аграрлық заң жобасын даярлауға қатысқан. 1917жылдың көктемінен Уақытша өкіметтің Қостанай уездік комиссары болды. 2 - ші Жалпықазақ съезінде Алашорданың Ұлт Кеңесінің құрамына сайланды. Сол жылы 2 - 8 сәуірде Орынборда өткен қазақтардың бірінші Торғай облыстық съезінің делегаты; 20 - 25 маусымда Ақтөбеде өткен қазақтардың съезіне делегат болып сайланды. 1917ж. желтоқсанда Алаш партиясының Торғай облысы комитетінің 14 мүшесінің бірі болды. Алашорда үкіметі мүшелерінің Уфада өткен кеңесіне қатысып, Алашорда Әділет министрі болған. 1918 - 1920ж. Семейде заң кеңесшісі, 1920 - 1926ж. Орынбор мен Қызылордада Қазақ АКСР - і істерінде, Жоғарғы Сот Төралқасында кеңесші, алқа мүшесі, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов 1927 жылы 5 қаңтарда Ленинградта ауыр науқастан қайтыс болып, сүйегі сондағы Волков қорымының мұсылман бөлігінде жерленді. Бірімжановты соңғы сапарға шығарып салуға Ә. Бөкейханов, Ә. Сейдалин бастаған Алаш қайраткерлері мен бірге сол кезде Москва мен Ленинград қаласында оқып жатқан баласы Батырбек Ахметұлы
Бірімжанов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан қатысты. Ахмет Қорғанбекұлының өмір дерегін ақын Х. Мұсабаевтың Ахмет Бірімжановқа арнаған мына бір жыр жолдарымен аяқтаймын:
... Азаттықтың жолында күйіп жанып,
Отқа түсіп, өртке еніп киіп - жарып.
Төтеп беріп тозаққа тірліктегі,
Өтті барлық баһадүр Бірімжанов!!!
Болашаққа жетеді - ақын Даты,
Ғасырларға кетеді – ғалым хаты.
Қатарынан бір емес, бірнеше рет,
Болды Ахмет думаның депутаты.
Өз халқының аяулы ұлы болған,
Тұңғыш заңгер – жоғары білім алған.
Екінші Ахаң атанып заманында,
Тарихында Алаштың аты қалған.
... Бақытты боп ерекше тумағансын,
Даңқ құсы - басына қонбағансын.
Амал қанша, әулеті Бірімжанның,
Әлі алған жоқ өзінің зор бағасын!!...

БҚО, Ақжайық ауданы
Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебі
9 - сынып оқушысы Сарсенғалиев Думан
Пән мұғалімі: тарих пәні мұғалімі Б. З. Бисембаева


Скачать


zharar.kz