Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту

Скачать

Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдығы: теледидар, үнтаспа, геометриялық пішіндер.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы
Балалардың көңілдерін өзіне аударады.
- Балалар, барлығымыз ән слайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.
Тартып алып орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.
- Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?
- Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
- Балалар, барлығымыз ауада осы пішіндерді жасап көрейікші.
- Ұшбұрыш, ал мынау - төртбұрыш, ал мынау - дөңгелек.
- Ал, менің қолыма қараңыздаршы. Қандай пішіндер көріп тұрсыздар? Түстері қандай? Пішіндері қандай?
Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.
Сиқырлы хатты тамашалайды.
Пішіндерді атайды.
Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды.


Скачать


zharar.kz