Аяз би ертегісі (5 сынып)
Сабақтың мақсаты: Білімділік - Аяз би ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау;
Дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;
Тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация құру, араласқан жоспар, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды топқа бөлу (мақал-мәтелдер құрастыру арқылы), топ басшысын тағайындау.
ә) топ ережелерін бекіту.
Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К!
1.Сыйластық, сенімділік, сөзшеңдік. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық, тәкәппарлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілдік, т.б.
– Балалар, бүгінгі сабақта біз Аяз би ертегісін қорытындылаймыз. Ең әуелі жақсы мен жаман деген сөздердің мағынасын қалай түсінетіндеріңді білгім келеді.
- Ертегінің бас кейіпкері жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?
- Оған Аяз би деп ат қоюда қандай мән бар?
Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген. Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған Аяз қаласының орны да дәлелдейді. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын Барсакелмес деген жер Арал теңізінде орналасқан.
Жангелдин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекенова Индира Қонысбекқызы