Әрбір үйде - жүз адам

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Вагон – вагон
темірді,
Вагон – вагон
көмірді,
Вагон – вагон
бидайды
Тіркеп алып,
зулайды!
Солқылдатқан даланы
Үні жетер алыстан.
Ілесе алмай қалады,
Оныменен жарысқан.
Арынды да екпінді,
Зулап қастан өтеді.
Басыңдағы бөркіңді
Ұшырып та кетеді.
Әр вагоның – бір дәу үй.
Әрбір үйде – жүз адам.
Әр пойызың – бір ауыл,
Жүрген сайын ұзаған.
Зулайды жер төсінде,
Мейлің
жазың, қысың бар,
Бір тепловоз өзінде
Жүз мың аттың күші бар.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz