Еуропаның халқы

Скачать

География 11 класс
Тақырыбы: Еуропаның халқы
Мақсаты: Оқушыларға Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін артады.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т. б.

Кіріспе
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. Топтастыру(қима қағаздар) Солтүстік, орта, Оңтүстік, Шығыс
Тұсаукесер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сен - маған, мен - саған әдісі бойынша сұрақ - жауап арқылы бекіту.
1. Сұрақ - жауап.
1. Еуропаның экономикалық - географиялық жағдайы?
2. Еуропаның саяси картасы?
3. Еуропаның табиғат жағдайлары?
4. Еуропаның табиғат ресурстары?
5. Еуропаның экологиялық жағдайы?

Негізгі бөлім
Ой шақыру
Еуропада Халықтар қай кезден бастап қоныстанған?
Еуропадағы халық саны көп елдерді ата
Топтық жұмыс (постер қорғау)
1 топ Еуропаның халқы, орналасуы, тығыздығы
2топ ұлттық, тілдік құрамы
3 топ халықтың діни құрамы
Еуропа халқының ұлттық құрамы (кестемен жұмыс)

Картамен жұмыс
Кескін картаға Еуропаның халық тығыз қоныстанған ірі қалаларын, агломерациялары мен мегаполистерін түсіріңдер.

Қорытынды Семантикалық карта

Бағалау Тақырыпты ашу тереңдігі
Тақырып ашылмаған - 0 ұпай
Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген - 1 ұпай
Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай
Тақырып ашылған, нақты негізделген - 3 ұпай

Рефлексия
Сабақтан алған әсерім стратегиясы
Үйге тапсырма Қазіргі кезде әлем халқының дінаралық жағдайы тақырыбына эссе жазу.

Еуропаның халқы. жүктеу


Скачать


zharar.kz