Кім ойшыл

Скачать

Жабайы жануарлар (слайд түрінде)
Білім саласы: Таным.
Білім бөлімі: Жаратылыстану.
Тобы: “Балдырған” ІІ кіші тобы
Мақсаты:
Балаларды жабайы жануарлар тіршілігімен таныстыру. Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін ояту.

Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, Көк Аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне, менің қолым!

Кім ойшыл? ойыны
Ұзын құлақты, көзі қыли,
Қорыққан сайын секіреді ылғи

Төрт түліктің қас жауы,
Түзде жүрген көк сері

Құйрығы бұлаң бұлаң етеді,
Барлығын алдап кетеді

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады

Билингвальды компонент:
Қоян – заяц медведь – аю қасқыр – волк түлкі – лиса

Аңдардың балаларын дұрыс тап

Сергіту сәті
Көлбең көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?

Жабайы аңдар жайлы білген тақпақтарыңды айтып беру
Ойын: Текшелерді құрастыр
Құм терапиясы
Қатысқандарыңызға рақмет!

Тәрбиеші: Сындарова Жайнагул


Скачать


zharar.kz