Қараңдаршы көжектер қандай әдемі

Скачать

Тақырыбы: Көкалда көжек секіреді
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімдері: Сурет. Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беруді жалғастыру, сыртқы көрнісі, немен қоректенетінін айту арқылы тілдерін дамыту. Негізгі түсті атай білуді, бір түсті заттарды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру, саусақ моторикасын дамыту. Мейрімділікке, ептілікке тәрбиелеу.
Қостілділік құрауыш: Көп - много, біреу - один

Мотивациялық, оятушылық кезеңі
Жылулық шеңбері:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Балалар назарын әдемі қорапшаға аудару.

Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезеңі
- Балалар қараңдаршы неткен әдемі қорапша, ашып көрейік не бар екен?
- Бұл қоянның көжектері ғой, қане бәріміз бір - бірден алайық.
- Көжек қандай? (жұмсақ, үлпілдек, сүйкімді)
- Ал енді көжекті жылытайық, құшақтап өзімізге жақын ұстап жайменен қысайық. Көжектер жылынды енді орнымызға отырайық.
- Қараңдаршы көжектер қандай әдемі?
- Көздері қандай? (кішкентай, домалақ, моншақ секілді)
- Ал бұл не? (аяғы)
- Және не бар? (құйрығы, құлағы, мамық жүні)

- Көжектермен бірге ойын ойнап көрейік?
Ойын: Көжектер
Кішкентай көжек секіреді көлшіктің жанында,
Көжек секіреді тез - тез,
Ал оны ұстап көр?
Балалар жүгіріп орындыққа отырады.
- Балалар көжектің түсі қандай? (дұрыс көкшіл, көк түсті)
Олай болса мына ойыншықтардың арасынан көжек түстес ойыншықтарды алып, көжектің жанына қояйық.
- Балалар біздің көжек шаршады қане себетке салайық дем алсын.
- Қолымызда көжек қанша? (Біреу)
- Ал себетте қанша болды? (көп)
- Балалар менің қолымдағы себетте көкөністер бар, соның ішінен көжектің қорегін тауып берейік?(көжектер сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді)

Алматы облысы, Текелі қаласы
Балабақша тәрбиешісі: Жаманқұлова Шырынкүл Ибрашевна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz