Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Благодарное орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі:
Сыдыкова Сайраш Нығыметқызы
Сабақ тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Қыс туралы білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Тапсырманы орындай отырып, сөздік қорын молайту.
3 .Тәрбиелілігі: Жыл мезгілдерін ажырату, табиғатты аялай білу.
Көрнекілігі: М.Дулатовтың суреті. Қыс мезгілінің суреті, сызбалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру. Әңгімелеу. Тізбектей оқу.
Пәнаралық байланыс: Қаза тілі, бейнелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Өткен бөлім туралы білімдерін тиянақтау.
Тест сұрақтарына жауап.
ІІ Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық.
Қыс өлеңі.
Жүріңдер балалар,
Сырғанақ тебейік.
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай, құрыштай,
Шынықсын денеміз.
ІІІ Сөзжұмбақ шешейік.
1 Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3 Отқа жанбас,
Суға батпас.
ІV Мұ-ұз, Қа-ар дауысты дыбысты созып айту.
1 М.Дулатовтың өмірімен танысу. Сызба.
М.Дулатов
Қостанай өңірінде туған --------------------------------Ақын-------------------------------------------- Оян қазақ
жазушы ----------------------------------------- Қыс
2 Қыс әңгімесін 2 оқушыға дауыстап оқыту.
3 Әңгімелеп айту.
4 Суретпен жұмыс:
- Суретте қай мезгіл бейнеленген?
- Оны неден байқадың?
- Адамдар суықтан қалай қорғанады?
V Дәптермен жұмыс.
Топтастыру әдісі.
Қыс: Аяз, қар, боран, суық, сырғанақ, аққала.
Жаңа сөздерге түсінік беру:
Бапсыз - жайсыз.
Бек қиын - өте қиын.
Қарыған - үсіткен.
Оқушылардың білімдерін тиянақтап, сабақты аяқтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу. Қыс