Сабақтың тақырыбы: Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ыбырай өлеңдерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс - тәсілдер. Блум таксономиясы
СТОД Бес жол өлең , Көрнекілік , Бір айналым
сөйлесу Сатылай кешенді талдау
Сабақтың типі: Білім, дағды, іскерлікті меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармашылығына арналған бетшелер, слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Сыныпты екі топқа бөлу.
ІІ. Ой ашар.
- Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырыптармен таныс болдық?(Оқушылар жауабы тыңдалады)
ІІІ. Блум таксономиясына негізделген сабақ.
1. Білім
Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын еске түсіруге арналған тапсырмалар.
І топ.
1. Жылдар сөйлейді
1841ж. 20 қазан 1850ж. 1857ж. 1859 ж. 1860 ж.
1861 - 1863ж. 1864ж. 1876 ж. 1879ж. 1881 ж. 1883ж. 1887ж. 1889 ж.
2. Ыбырай туралы қосымша деректер.
ІІ топ.
1. Көрнекілік
Әңгімелерінің тақырыптары
2. Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, бойларыңызға қандай адами қасиеттерді жинақтадыңдар? Топтастыру.
2. Түсіну.
Ыбырайдың оқулықта берілген өлеңдері бойынша жұмыс.
А) Өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Ә) Екі жақты күнделік
І топ. Жаз , Өзен өлеңдері
ІІ топ Кел, балалар, оқылық! , Өнер - білім бар жұрттар
( Тақтадан бейнетаспа көрсетіледі, аудиожазба тыңдалады.)
3. Қолдану.
Ыбырай өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасау.
І топ. ІІ топ.
Өзен Өнер - білім бар жұрттар
1. Авторы:
2. Жанр түрі:
3. Тақырыбы:
4. Идеясы:
5. Шумақ:
6. Тармақ:
7. Бунақ:
8. Буын саны:
9. Ұйқас:
10. Әдебиет теориясы:
11. Тәрбиелік мәні:
4. Талдау
Деңгейлік тапсырмалар.
3 - деңгей
1. Өзен дегеніміз не?
2. Бастау дегеніміз не?
3. Өзен алабы дегеніміз не?
4. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзенді ата.
2 - деңгей
Ыбырай сөзіне бес жол өлең құрастыру
1 – деңгей
Білімдінің – аты өсер,
Білімсіздің – аты өшер.
Жүсіп Баласағұн
5. Жинақтау.
Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
6. Бағалау
Бір айналым сөйлесу стратегиясы
- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай өлеңдері туралы білетіндерімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
ІV. Үй жұмысы.
Әлеуметтік теңсіздік тақырыптарына арналған өлеңдерін жаттау, сатылай кешенді талдау жасау.
V. Бағалау