Көздеріңді ашыңдар, балалар

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сиқырлы орманға саяхат
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар және қарапайым санау түсініктерін қалыптастыру, "қанша?", "нешінші?" сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру; тәулік мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Логикалық ойын арқылы балалардың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Кеңістіктік және көлемдік түсініктерді бекіту.
Тәрбиелілігі: Балаларды тапсырмалардың шартын сақтап орындауға, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:
1. Шаттық шеңбері.
2. Сұрақ жауап.
3. Шатасып кеткен сандарды дұрыс орналастыр
4. Суретті ағаштың жан жағына орналастыр "
5. Сергіту сәті Топ - топ
6. "Мезгілді ажырат " ойыны
7. Логикалық ойын Кім тез табады?
8. Қарама - қарсы сөздер ойыны
9. Қорытындылау.
Қостілдік компонент: сан - число, қанша – сколько, нешінші – который по счету.
Қажетті көрнекі құралдар: ғажайып тақта, слайд, сандар, үлестірмелі материал.
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз,
Апайларға құрметпен
Бас иеміз біз.

Үш тілде амандасады.
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!
Good morning!
- Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
- Бүгін аптаның төртінші күні.
- Төртінші күнді қалай айтамыз?
- Бейсенбі.
- Ертең нешінші күн?
- Ертең бесінші күн - жұма
- Кеше қай күн болды?
- Кеше сәрсенбі болды.
- Балалар бүгінгі күнімізді жақсы көңіл күймен бастайық.
- Балалар, сендер сиқырлы орманда болғыларың келеді ме?
- Иә.
- Олай болса, мына сиқырлы таяқшаның көмегімен біз қазір орманда пайда боламыз. Кәнеки, көздеріңді жұмыңдар, ал мен сиқырлаймын (сиқырлайды).
Қызығушылық таныта бастайды, көздерін жұмады.
- Көздеріңді ашыңдар, балалар! Қараңдар, қыс мезгілінде орман қандай әдемі! Күмістей жалтыраған қар жамылған! Айнала аппақ!
Көздерін ашады, экранға назар аударады.

- Мәссаған, балалар, қараңдаршы. Мына ағаштың түбінде біреу отырған сияқты, байқадыңдар ма?
Ағаштың түбінде отырған қызды байқайды.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге "Екі аяз" ертегісінен келдім. Маған сендердің көмектерің керек болып тұр.
Қызбен амандасады.
- Аяз мына сандықтың ішіндегі тапсырмаларды орындасаң, үйіңе жіберемін дейді. Маған көмектесесіңдер ме?
- Әрине, көмектесеміз.

- Сиқырлы сандық ашылсын, ашылсын.
Міне ішінен пішіндер шашылды.
Балалар бұл қандай пішін?
- Шаршы.
Шаршы неге ұқсайды?
- Терезеге, отырғышқа ұқсайды
Шаршыда бірінші тапсырма жазылған екен. Мұқият тыңдайық.
Балалар тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Шатасып кеткен сандарды дұрыс орналастыр делінген.
- Ал енді, балалар, бәріміз зейінімізді тақтадағы мына сандарға аударайықшы, сандар ретімен қойылған ба?
- Жоқ.
- Ендеше оларды рет - ретімен дұрыс орналастыру қажет. Кәне, тақтаға кім шығады? Ал қалған балалар сендер алдарыңдағы сандарды орналастырыңдар. Кәне балалар ойын ойнап жіберейік. Бес баланы ортаға шақырамын.
Сандарды рет - ретімен қойып шығады, оларды үш тілде тура және кері санайды.

Атырау қаласы
№9 Әлия балабақшасы
Бірінші санатты тәрбиеші
Шаймарданова Нәсіп Иманғалиқызы
Сиқырлы орманға саяхат жүктеу


Скачать


zharar.kz