Тақырыбы: Ион алмасу реакциялары жəне олардың жүру жағдайлары (слайд түрінде)
Сабақтың мақсаты: 1. Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары туралы түсінік беру;
2. Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайларын білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру; 3. Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі - эвристикалық, көрнекі - сарамандық, интерактивті оқыту әдісі, сұрақ - жауап, топтық
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыптық слайд, химиялық ыдыстар, сынауықша, тамшуыр, натрий гидроксиді, фенолфталеин, күкірт қышқылы, тұз қышқылы, мыс гидроксиді
Сабақтың барысы:
I кезең “Ой шақыру
II кезең “Ұғыну
III кезең “Мағынаны тану”
IV кезең “Білімді тиянақтау”
I кезең “Ой шақыру
1. “Сұрақ - жауап” ойыны
1. Диссоциялану процесі дегеніміз не?
2. Электролиттер және бейэлектролиттер дегеніміз не?
3. Электролиттік диссоциялану тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге, тұздарға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.
4. Индикаторлар дегеніміз не?
5. Күшті және әлсіз электролиттерге қандай заттар жатады?
6. Катион мен анионға анықтама беріңдер.
2. Химиялық лото ойыны Әрбір реакция теңдеуі дұрыс құрылатындай етіп берілген химиялық қосылыстарды дұрыс орналастыру керек.