Қазақ тілі 9 - сынып
Тақырыбы: Музыкалық аспаптар
Мақсаты:
1. Білімділік: қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы мәлімет беру, қазақ музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру
2. Дамытушылық: сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту
3. Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық аспаптарына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру
Әдісі: СТО, ДЖИКСО, ой қозғау
Көрнекіліктері: интерактивті тақтада дайындалған флипчарттар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. Қазақ күйшілері тақырыбына әңгімеле
Сұрақтар қою:
1. Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
2. Дәулеткерейдің қандай күйлері бар?
3. Шалқыма , Аққу күйлерінің авторы кім?
4. Н. Тілендиев кім?
5. Құрманғазы Дина Нұрпейісоваға не сыйлады?
6. Домбыра қандай аспап?
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.
1. Асатаяқ, сазсырнай мен қобызым,
Дауылпазым, жетіген мен сыбызғым.
Домбырамен ән салатын қазақтың,
Сүйемін мен, сыңғырлаған сазды үнін.
- Бұл өлеңде не жайлы айтылады?
- Домбыра, жетіген, қобыз жайлы айтылған (оқушылар жауабы)
- Бұлар қай халықтың музыкалық аспаптары?
- Қазақ халқының музыкалық аспаптары (оқушылар жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Музыка аспаптары
2. Ой шақыру: Қазақ музыка аспаптарының түрлері жайлы әңгімелеу.
ІV. Жаңа сөздермен жұмыс.
ішекті аспап - струнный инструмент
үн - звук, голос
үрмелі аспап - духовой инструмент
дабылды - шулы - тревожно - шумный
сарнамалы аспап - заунывный инструмент
а.) Жаңа сөздерді қазақ тілінің орфоэпиялық заңына сай дұрыс айтқызуға үйрету: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды.
ә.) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру (ауызша)
1. Қызығушылықты ояту. Бейнефильмнен үзінді көру.
Интерактивті тақтадан қазақ музыка аспаптары туралы фильмді тамашалаймыз.
4. Ой қозғау
– Бұл фильмде нені көрдіңдер?
- Бұлар қай халықтың музыкалық аспаптары?
- Қандай қазақ музыка аспаптарын көрдіңдер?
- Қобыз қандай аспап? -
- Асатаяқ қандай аспап? - Ал сендер басқа ұлттардың музыкалық аспаптарын білесіңдер ме?
3. Білгіштер ойыны Сұрақтарға жауап бер.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі (қазақ халқының ұлттық аспаптары және гусли, бандура, қурай, дудка) -
- Домбыра қандай аспап?
- Қандай үрмелі аспаптарды білесің?
- Сарнамалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Дабыл, асатаяқ қандай аспап түріне жатады?
- Гусли қай халықтың ұлттық аспабы?
- Гусли қандай аспап түріне жатады?
- Бандура қай халықтың ұлтық аспабы?
- Бандура қандай аспап түріне жатады?
- Татар, башқұрт халқының ұлттық аспабы қалай аталады?
- Қурай қандай аспап түріне жатады?
4. ДЖИКСО әдісімен мәтінмен оқыту
а.) Мәтінді бөліктерге бөлу.
ә.) Мәтінді топтарға бөлімдер бойынша беру.
І топ – Музыка аспаптарының... мүмкіндік жасалған.
ІІ топ – Музыкалық аспаптардың ойналу сипатына... жатқызылады.
ІІІ топ – Ал, дабылды - шулы аспаптар... жатқызылады.
б.) Топта оқыту (2 минут)
в.) Ұжымдық талқылау. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өзі оқыған бөліктің мазмұнын айтады.
г.) Кезектестіріп сұрақтар қою.
5. Ойлану сатысы Тапсырмалармен жұмыс.
1. Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар. 1. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.
2. Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап.
3. Ол – өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
4. Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
5. Домбыра – халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған аспап.
2. Тірек сөздер стратегиясы - Музыкалық аспаптар, үрмелі аспаптар, дабыл, асатаяқ, бандура, орыс музыкалық аспабы, башқұрт музыкалық аспабы.
І топ – тірек сөздермен сөйлемдер құрастыру (жеке жұмыс)
ІІ топ – тірек сөздермен сөйлесім құрастыру (жұппен жұмыс)
ІІІ топ – тірек сөздермен әңгіме құрастыру (топпен жұмыс)
3. Сөзжұмбақ шешу.
1. Татар, башқұрт ұлттық аспабы
2. Украин ішекті аспабы
3. Қазақ ішекті аспабы
4. Үрмелі аспап
5. Орыс ішекті аспабы
6. Қорқыт жасаған аспап
7. Саздан жасалған үрмелі аспап
8. Жеті ішекті аспап
9. Дабылды - шулы аспап
10. Сарнамалы аспап
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
VI. Қорытынды
- Бүгін сабақта біз не білдік?
- Не үйрендік?
- Не білгім келеді?
VII. Үйге тапсырма:
І деңгей: Менің сүйікті аспабым тақырыбына эссе жазу
ІІ деңгей: Қазақ музыкалық аспаптар дүкенінде тақырыбына сөйлесім жазу
ІІІ деңгей: Музыкалық аспаптар тақырыбына сөйлемдер құрастыру.
VIII. Бағалау