Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бисерден жасалатын бұйымдар (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сумоншақпен жұмыс жасауды үйрету, сумоншақ тоқу арқылы оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру;
Дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау;
Тәрбиелік: оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, қыз балаларды ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сынып: 9 А
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған бұ йымдар, слайд, бисер жайлы кітап
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Бисердің шығу тарихы қандай?
3. Бисермен қандай бұйымдар әшекейлейді?
4. Бисердің қандай түрлері бар?
5. Бисерден қандай бұйымдар жасайды?
6. Бисерді неден жасайды?
7. Бисерді өңделуіне қарай қалай бөледі?
8. Стеклярус дегеніміз не?



Скачать


zharar.kz