Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті

Скачать

Психологиялық дайындық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Үй тапсырмасы:
№8 тапсырма 14 - бет
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?
Көбейтудің терімділік қасиеті деп қандай қасиетін айтамыз?
Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті?

1. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті - көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
9*4=36
4*9=36

2. Көбейтудің терімділік қасиеті – көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыру.
(3*2)*4=6*4=24
3*(2*4)=3*8=24

3. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті – қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтін, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосу.
(2+4)*2=2*2+4*2=12
Ойын “Не артық?”
Метр, сантиметр, минут, дециметр, километр

Қаңтардың он тоғызы
Сынып жұмысы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр.
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.

Миллиметр ( мм ) – ұзындықтың өлшем бірлігі
1см=10мм
Есіңде сақта!
1 см =10 мм
1м=10дм
1 дм = 10 см = 100 мм
1 м = 100 см = 1000 мм

ә) Амалдарды орында:

Бұл өте қызық!
1. Ең кішкентай құс – колибри. Оның ұзындығы бар болғаны 5 см 7 мм.
2. Бөлме шыбыны денесінің ұзындығы 6 - 8 мм.
3. Маса – өлшемдері шамалы, ұшатын шыбын – шіркей. Оның ұзындығы 4 – 14 мм.

“Кім тапқыр?”
а) Біздің шашымыз үш күнде 1 мм – ге өседі. Шаш неше күнде 6 мм – ге өседі?
ә) Оқулықтың қалыңдығын өлше. Миллиметрмен айт.

Санның квадраты дегеніміз не?
Санның кубы дегеніміз не?

“Кім жылдам?” ойыны.
Бекіту:
Біз бүгін немен таныстық?
Миллиметр ұзындықтың қандай өлшем бірлігі?
1 сантиметрде қанша миллиметр бар?
Миллиметр қандай мағынаны білдіреді?

Тест
Үйге тапсырма:

Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы. жүктеу


Скачать


zharar.kz