Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, № 7 бөбек балабақшасының тәрбиешісі
Мусина Ақмарал Сансызбаевна
Тобы: Айналайын
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Құстармен таныстыру.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Көгершін, тоғай, аққу, қарлығаш, көкек.
Билингвалды компонент: Құстар - птицы
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Сәлем бердім күнге мен,
Сәлем бердім аспанға.
Сәлем бердім жерге мен,
Сәлем бердім қонақтарға,
Табиғат пен құстарға.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінің қай айы?
Бүгін ауа райы қандай?
Бүгінгі көңіл күйіміз қандай? Олай болса, жақсы көңіл күймен оқу іс әрекетімізді бастайық.
Бүгінгі оқу іс - әрекетінің тақырыбы Құстар біздің досымыз Балалар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінеді. Дала құстары қыста жылы жаққа ұшып кетеді, көктем шыққанда қайтып келеді.
Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, қаз. Дала құстарына - торғай, қарлығаш, көгершін, аққу, көкек, тоқылдақ, сауысқан. Үй құстары үйде болады, Біздер үйден жем, су береміз.
Дала құстары ағаштың түбіндегі құрт құмырсқамен қоректенеді, ағаштардың жақсы жайқалып өсуіне көмек береді.
Біздер құстарға қамқор болумыз керек, көктемде ұя жасап теректің басына іліп қоямыз, жем беруіміз керек. Құстар арқылы көптеген болжамдарды білуге болады.
Көкек кук – кук десе көктемнің келгені. Құстар төмен ұшса жаңбыр жауады, жоғары ұшса күн жылы болады. Сауысқан шиқылдаса хабар келеді.
Балалар сауысқанның даусы шығады хабар келген сияқты.