Достаса білейік
Мақал: Дос бәрінен де қымбат.
Мақсаты: Достық құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:
- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Педагог балалардың сабақта қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында Дос болайық бәріміз әнін тыңдауды ұсынады.
Дос болайық бәріміз
Сөзін жазған X. Талгаров Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Әңгімелесу
Педагог балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын
Досты қалай табу туралы ертегісімен жалғастырады. Ертегіні тыңдап, талдау кезінде педагог дос адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.
Балалар, біз өткен сабақта өзіміздің отбасы туралы, Отбасы мүшелері арасындағы сүйіспеншілік, сыйластың, қамқорлық туралы сөйлестік. Бүгін жанымызға тағы бір Жақын адамдар – достарымыз жайлы әңгімелесеміз.
Дос адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және Достық ұғымымен танысамыз .
• Дос және достық деген сөзді қалай түсінуге болады?
• Жақсы дос деп кімді айта аламыз? Балалардың жауаптарын, педагог қорытындылайды.
- Балалар, достарың туралы жақсы, жылы сөз айтқандарың қандай әсерлі. Достар – бір-біріне қашанда көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншіліктері мол, бір-бірін сыйлайтын жандар.
Енді сендермен достық туралы шығарманы тыңдап көрелік.
Әңгімелеу
Досты қалай табу туралы ертегі.
Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты.
Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құлақ түрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты.
Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:
Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар ,- деп ойлайды.
Бір уақытта:
- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.
Бұл кім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады.
Жаңағы кіп-кішкентай бала қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыш түсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.
- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай бала өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жерде бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол Жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.
- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?
- Бәрі менен неге теріс айналады?
- Көмектесші маған,- дейді бала.
- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсы көріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.
Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады.
Ерке бала Мейірімнің бүл ісіне әрқашан разы еді.
- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымда болғаның қандай жақсы. Сен менің нағыз досымсың!
Осылай уақыт өте береді. Бір күні бала үйіне қуанып келеді.
- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме дос таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.
Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім
баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.
Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді і үсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.
Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейіріммен ақылдасып, жүрегін і тыңдайтын болыпты.
• Қалай ойлайсыңдар, бұл баланың неге достары болмады?
• Дос табу үшін не істеу керек?
• Достар қандай болулары керек?
Балалардың жауаптары тыңдалған соң педагог олардың жауаптары негізінде қорытындылайды.
Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар, сендер бір топтың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар.
Ойын. Менің досым .
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог допты лақтырып, кезек-кезек балаларға сұрақ қояды. Педагог ойын арасында қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды.
Ойынға арналған сұрақтар:
• Сенің досың кім?
• Сен досыңды жақсы көресің бе?
• Досыңа қалай көмектесесің?
• Досыңды қалай сыйлайсың?
• Досыңды сағынасың ба?
• Досыңмен нені бөлісесің?
• Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?
• Досың саған не үйретеді?
• Достар бір-біріне қалай көмектеседі?
• Үлкендер арасында досың бар ма?
• Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады?
• Өзімізге досты қалай таба аламыз? -
• Досыңа қандай тілек айтасың?
Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.
Дәйексөз
Педагог Дос – бәрінен де қымбат деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде төмендегідей тапсырма берілген:
Досыңа сыйлайтын сыйлығыңның суретін сал және сол
туралы әңгімелеп бер.
Педагог балалардан салған суреттері туралы әңгімелеседі.
Олардың бұл сыйлықтың суретін неліктен салғанын және не
үшін осы сыйлықты таңдағанын айтып берулеріне жағдай
туғызуы тиіс.
Қорытындылау
- Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік. Дос және Достық ұғымымен таныстық. Адамдар үшін достықтың қандай қымбат екенін білдік.
Жүректен жүрекке
Балалар үнтаспадан Дос болайық бәріміз әнін тыңдап, қосылып айтады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалар шаттық шеңберінде, жүректен жүрекке әдістемелік тәсілінде өлеңдерді қайталап айтуларына болады. Себебі, балалардың психологиялық ерекшеліктеріне орай өткен материалдарды жаңғыртып, естеріне түсіріп отыру керек.