Бастауыш сынып. Әдебиеттік оқу
Қайырлы таң деп айтамыз,
Күнде бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз
топтастыру: кітап және қарындаш
Үй тапсырмасын қайталау
Жылыжай
У әріпі
Жылыжай деген не?
Жылы жайда нелерді өсіруге болады?
Әуен, ауа, дәуіт, жусан, серуен, сауысқан, қауын, егеу
Жаңа сабақ:
Ал қанекей бастайық,
Қиындықтан қашпайық.
Жаңа сабақ игеріп,
Білімді молайтып тастайық.
Жұмбақтар
Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы.
(?)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(?)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(?)
Жіп - жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(?)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған.
(?)
Өлең авторы
Өтебай Тұрманжановтың Білім атты өлеңімен танысамыз.
Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы. Балаларға арналған әртүрлі тақырыпта әңгімелері мен өлеңдері бар. Соның бірі Білім атты өлеңі.
Білім
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе ол күймейді,
Ұрылар да тимейді.
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
Екі топқа сұрақ
Өлеңде ақын білімді неге байлық деп атады?
Білімді қалай жинауға болады?
Білімді болу үшін қандай болу керек?
Сергіту сәті
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Ереже
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: ауыл, құс, жолбарыс
Дәптермен жұмыс
Мақалды көшіріп жаз
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Оқу түбі - тоқу.
Оқу инемен құдық қазғандай
Ойын
кімнің жұлдызы биік
мақал мәтел сайысы
Көрсетілген сөздерді пайдаланып мақалды құра:
Білім, бұлақ, оқу
Шырақ, білім, өмір
Қорытындылау
Білімді болу үшін не қажет?
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. 44 - жаттығуды орындау.
3. Ана тілі жұмыс дәптерінен
17 – беттегі 3 жаттығу