Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Менің әкем – ең тамаша адам. Олай дейтінім әкем шыншыл, өте сабырлы, адамгершілігі мол, ұқыпты, шебер жан. Әкем стол, терезе, кітап сөрелері түрлі орындықтар сияқты үй жиһаздарын өз қолынан жасайды. Сонымен бірге техника тілін де жақсы меңгерген, машинаны тез жөндеп жүргізеді.
Әкем бізден де үнемі таза жүруді талап етеді. Мен әкемнің ұқыптылығын алдыңғы орынға қойып, тап – таза болып жүргенді жақсы көремін. Менің әкем осындай мақтан етер үлгілі отбасы иесі.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы,
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің 1 сынып оқушысы
Әлімбаева Бану Сағындыққызы
Жетекшісі: Кулманова Злиха Санаковна
Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Мен әкемді сондай жақсы көремін. Отбасындағы әкем орны ерекше. Біз отбасында атам, әжем, әкем, анам, сіңілім бірге тұрамыз. Әкем бәрімізге қамқоршы, мейірімді, адал. Мені үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға, сабақта үлгілі оқушы болуға көмектеседі.
Ал жұмысында еңбекқор, өз ісінің еңбекқор маманы. Еңбегі өз ортасында жоғары бағаланып, бірнеше рет Алғыс хатпен марапатталған. Мен әкемнің осындай жетістіктерін мақтаныш етемін. Болашақта мен де үлкен жетістіктермен әкемді қуантып жүрсем деймін.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің 1 сынып оқушысы
Кәдірқұлова Гүлдәурен Шыңғысқызы
Жетекшісі: Кулманова Злиха Санаковна