Мағжан Жұмабаев Сүйемін - Қалай таптыңдар

Скачать

Қатысатын категория: жоғары сынып
Мағжан Жұмабаев Сүйемін өлеңі
Қазақ әдебиеті 7 - сынып
Шығармашылық ой сабағы
Білімдік мақсат: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, Сүйемін өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын тұрғысынан ойлануға, шығармашылық ізденуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік мақсат: Жігерлі, рухты, өжет, қайсар азамат болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрметтей білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің идеясы арқылы оқушыларды өз туған жері мен елінің құндылықтарын қастерлейтін жанашыр, қорғаны болуға, өз елі мен жері үшін жан аямай күресе білетін парасатты тұлғасы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат: Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып шабыттандыру, интеллектуалдық және мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, дүниетаным - талғамын, сөздік қорын, функционалдық сауаттылығын дамыту.
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. Р. Құтқожина, Қ. Бітібаев, Е. Арын, Алматы Атамұра 2012 жыл (оқулық)
Оқу нәтижесі:
 Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі.
 Өлеңнің тақырыбы мен идеясын, құрылысын талдай алады.
 Адамгершілік қасиеттің биігі – қарапайымдылық пен кішіпейілділік екенін түсінеді.
 Ұлттық құндылық әр азаматтың қастерлейтін қазынасы екенін біледі.
 Шығармашылық ізденіспен сабаққа қызығушылығы артады.
Қолданылатын материалдар: А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта, слайд, видео, қима қағаздар, Интернет материалдары: create. kahoot. it, www. youtobe. com, bilimland. kz
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер,
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары

1. Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін көтеру.

2. Топқа бөлу (Ғалымдар, әншілер, жазушылар)
Үстел үстіндегі қиылған суреттердің бірін таңдап алады. Сол суреттер бойынша өздері топтасады. Топтасу құпиясын өздері шешеді.

3. Қызығушылықты ояту
Сөз жұмбақ
- Қандай сөз шықты?
- Мағжан Жұмабаев Сүйемін
- Қалай таптыңдар?
- Түстердің көмегімен
- Бұл бүгінгі сабағымыздың тақырыбы.

4. Мағынанытану
Оқы – жап – тексер стратегиясы
5. Оқу сауаттылығын тексеру
 Оқушылар оқулықтың 94 - бетіндегі М. Жұмабаев шығармашылығы жайлы жазылған мәтінмен оқып танысады. Оқулықты жабады.
 Критериалды бағалау парағын үлестіремін. Әр топ бір - бірін бағалайды.
 Оқу сауаттылықтарын kahoot бойынша тексеремін.

6. Видео көрсету
www. youtobe. com, Дегдар Мағжан туралы
7. Аудио тыңдалым bilimland. kz сайтынан
Сүйемін өлеңін тыңдай отырып, кітаптан да көз жүгіртіп оқып отырады. Тыңдалым бойынша оқу сауаттылық тапсырмаларын орындайды.
8. Сөздік жұмысы
Тасбиық – діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы Қазақ сөзінің бұрынғы атауы
Кебін – өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Жұмақ – О дүниедегі жайлы жер

9. Өлең шумақтарын талдау жұмыстары
1 - ші шумақты мәнерлі оқытамын. 1 - топқа тапсырма:
- Неге екенін білмеймін – Сол Анамды сүйемін - дейді ақын. Сендер жауап беріп көріңдер. Ана туралы интернеттен ән дайындаңдар. Оны топ болып хормен орындаңдар.
3 - ші шумақты 2 - топқа тапсырамын.
- Неге екенін білмеймін – Сол Елімді сүйемін - деген ақын ойын жалғастырыңдар. Ол үшін Менің елім тақырыбына модель жасаңдар. (қима қағаздар таратып беремін.)
4 - ші шумақты 3 - топқа тапсырамын. Жер – халық қазынасы тақырыбында Бестік ой стратегиясы бойынша ой толға.
1 сөз
Осы сөзге 1 сөйлем құра
1 сұрақ қой.
Сол сұраққа жауап бер.
Сөйлем мен жауапты біріктіріп ой жаз.

9. Өлең
шумақтарын
талдау
жұмыстары

Интернетпен
байланыс

Модель жасау

Бестік ой
стратегиясы

10. Ұжымдық
талдау 1 - ші шумақты мәнерлі оқытамын. 1 - топқа тапсырма:
- Неге екенін білмеймін – Сол Анамды сүйемін - дейді ақын. Сендер жауап беріп көріңдер. Ана туралы интернеттен ән дайындаңдар. Оны топ болып хормен орындаңдар.
3 - ші шумақты 2 - топқа тапсырамын.
- Неге екенін білмеймін – Сол Елімді сүйемін - деген ақын ойын жалғастырыңдар. Ол үшін Менің елім тақырыбына модель жасаңдар. (қима қағаздар таратып беремін.)
4 - ші шумақты 3 - топқа тапсырамын. Жер – халық қазынасы тақырыбында Бестік ой стратегиясы бойынша ой толға.
1 сөз
Осы сөзге 1 сөйлем құра
1 сұрақ қой.
Сол сұраққа жауап бер.
Сөйлем мен жауапты біріктіріп ой жаз.

- Неге екенін білмеймін – Сол Жарымды сүйемін - деген ақын ойын қалай түсінесіңдер?
- Себебі ақынның жары отбасының барлық тауқыметін жалғыз өзі атқарады. Үйде ақынның жоғын білдірмей бала - шағасын бағып - қағып тәрбиелейді, келген қонақты күтеді. Үйдегі таңертеңнен кешке дейін бітпейтін тірліктің оңай еңбек емес екенін ақын жүрегі сезеді. Сондықтан ақын өз жарын сүйеді.

11. Өлең құрылысын талдату
Көркемдегіш құралдар
Теңеу - күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ
Метафора - қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет - күңгірт, сұп - сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
Буын - 7 - 8 буынды
Бунақ - 2
Ұйқас - Ерікті
Шумақ - 4
Тармақ – 32

12. Ой таным 1 - топ Мағжан
2 - топ Сүйемін
3 - топ Тұлға – әзірлеу, ұсыну, жасау

13. Рефлексия
Еліміздің Тәуелсіздігі мен Мәңгілік ел идеясын ұштастыра отырып, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына өз бағаларыңды беріңдер.
14. Үйге тапсырма
Өлеңнің әр шумағына лайықты мақал - мәтел жазып келу (Ана, ел, жер туралы)
Сүйемін өлеңін жаттау.
15. Бағалау
Бағалау парағын жинап аламын.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
№1 Қазақ - түрік лицей - интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Игенова Айгүл Ахмашқызы

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz