Жапырақтардың қурап түсуі - керемет құбылыс

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: Ақбота II кіші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Мақсаты:
Білімділік: Көкөністердің бақшада өсетіндігін түсіндіру.
Дамытушылық: Көкөністері сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс - тәсілдер: АҚ технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, ойын технологиясы Көрнекіліктер: Күз мезгілі бейнеленген суреттер, Суретші нені ауыстырып алды? суреттерінен қызыл сары және қызғылт түсті ұсақ қиылған қағаздары бар бөтелке, әр балаға жетерлік сабан түтікше, үлестірмелі материалдар.
Үштілділік компонент: күз – осень - autumn, жаңбыр – дождь - rain, жапырақтар – листья - foliage.

Мотивациялық қозғаушы кезеңі
П. И. Чайковскийдің Күз әуені ойналады.
Дұрыс. Бүгін бізге қонаққа Сиқырлы күз келді. (Күз ханшасымның бейнесі теледидардан көрсетіледі)

Ұйымдастырушылық қозғаушы кезеңі 1. Білімді өзектендіру.
- Балалар, күздің (осень) келгенін қайдан білдіңдер?
- Жапырақтардың қурап түсуі – керемет құбылыс. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Жапырақтардың жерге қалқып түсуі – әдемі көрініс. Керемет – тамаша.
2. Тыныс алу жаттығулары:
- Кәне, бәріміз бөтелкелерімізде күзгі жапырақтардың қурап түсуін бейнелейік. Балаларға ішінде қызыл, сары қағаздардан жасалған жапырақтары бар бөтелкелерді таратады. Бөтелке аузынан түтікше арқылы үрлеп, жапырақтарды қозғалтады.
3. Билингвальды компонент: күз – осень, жаңбыр – дождь, жапырақтар – листья, құстар – птицы.
Д\ойын: Күз нышандары
Балалар Күз бізге көп суреттер алып келіпті. Суреттер бір - бірімен араласып кеткен. Осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып, әңгімелей отырып тақтаға орналастырайық.
4. Психологиялық жаттығу:
- Ал енді, өзіміз жапырақ боламыз.
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы
Жан - жаққа біз ұшамыз!
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Д\ойын: Сиқырлы дорба
Мақсаты: сиқырлы дорбаның ішіне қолдарын тығып, сипап сезу арқылы ұстап тұрған жеміс, көкөністерінің атын атайды.

Рефлексиялық қозғаушы кезеңі
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Кім бізге бүгін қонаққа келді?
- Қазір қай жыл мезгілі?
Оны қандай белгілері арқылы білеміз?

Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру.
Қолданады: күз жыл мезгілінің ерекшеліктері.
Меңгереді: тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын.
Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз. жүктеу


Скачать


zharar.kz