Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дәнекерлердің құрамымен, пайдалану тәртібімен таныстыру.
Білімділік: Өткізгіш сымдарды дәнекерлеп үйрету.
Дамытушылығы: Икемділікке, іскерлікке дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа, техникалық еңбекке үйрете отырып, кәсіби бағдар беру, мамандыққа бейімдеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Өткізгіш сымдар, дәнекерлер, дәнекерлегіштер, наждакты қағаз, канифель.
Сабақтың барысы:
1. Мақсаттық бағыттау
2. Оқушылардың білімі, білік дағдыларының өзектілігін анықтау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Блум таксономиясы бойынша білімдерін бақылау.
1. Білу. Миға шабуыл әдісі.
Дәнекер дегеніміз не?
Дәнекерлеу процесі дегеніміз не?
2. Түсіну. Ой қозғау сатысы.
Дәнекерлердің түрлерін, олардың химиялық құрамын білесің бе?
3. Қолдану. Дәнекерлердің қай түрі қандай металдарды дәнекерлеуге қолданылады?
4. Талдау. Дәнекер жұмысын қандай құралмен, қалай орындайды.
5. Жинақтау. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын немен танысамыз, нені дайындаймыз.
6. Бағалау. Блум таксономиясы бойынша бағалау парағы.
1. Білу
Дәнекер дегеніміз - белгілі бір металдардың қорытпасы.
Өткізгіштерді өзара дәнекерлеу арқылы жалғауға болады.
Дәнекерлеу процесі дегеніміз - бір текті металдарды дәнекермен жалғау.
Дәнекер тотықпауы тиіс және өткізгіштердің жалғанған жеріне ылғалды, газды өткізбеуі тиіс.
2. Түсіну
Металдарды дәнекермен берік етіп жалғау үшін дәнекерді дұрыс таңдап алу керек.
Маркасы --------------- Химиялық құрамы %
ПОС - 90 ---------------- Қалайы - 90
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 8
ПОС - 40 ----------------- Қалайы - 40
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 58
ПОС - 30 ---------------- Қалайы - 30
---------------------------- Сүрме - 2
---------------------------- Қорғасын - 68
ПОС - 18 ---------------- Қалайы - 18
----------------------------- Сүрме - 2
----------------------------- Қорғасын - 80
3. Қолдану
Пос - 90 дәнекері - тағам пісірілетін, су қайнатылатын ыдыстардың ішкі жапсарларын дәнекерлеуге.
ПОС - 40 дәнекері - жезді, болатты, және мыс сымдарды дәнекерлеуге.
ПОС - 30 дәнекері - жезді, мысты, болатты, мырыш және мырыш жалатылған қаңылтырды, ақ қаңылтырды, радиоаппаратура приборларын дәнекерлеуге.
ПОС - 18 дәнекері - қорғасынды, болатты, жезді, мысты, мырыш жалатылған қаңылтырды дәнекерлеуге арналған.
4. Талдау. Дәнекер жұмысын дәнекерлегішпен мына тәртіпте орындайды.
1. Дәнекерлегіш стерженінің жақтарындағы кедір - бұдыр жерлерін, тұрып қалған қақтарын тазарту.
2. Электр дәнекерлегіш шнурының ақаусыздығын тексеріп көргеннен кейін оны электрмен қоректендіруші көзге қосу.
3. Жалғанатын проводтардың ұштарының изоляциясын пышақпен кесіп тазарту: проводтың қимасы 4мм2 - қа дейін болса, 20мм жерін, ал қимасы 6 - 10 мм2 болса, 30 мм жерін тазарту керек болады; сондай - ақ проводты ұштауға әзірлеу.
4. Салаларды наждакты қағазбен жалтыратып тазарту.
5. Салаларды шиыршықтап орап жалғау (10 - 12 суреттерді қараңыздар).
6. Дәнекерлегіш стерженінің ұшын қалайылау.
7. Салалардың жалғанатын жеріне канифоль жағу.
8. Дәнекерлегіштің ұшына дәнекер жағылған стерженін жалғанатын жерге тидіріп, дәнекер салалар аралықтарын толтырғанға дейін күтіп тұру.
9. Салаға ұштықты кигізіп, оны қысқашпен қысып, сонан кейін дәнекерлеу.
10. Дәнекерлегішті ток көзінен айыру.
11. Наждакты қағазбен жалғанған жерлерді және ұшталған жерлерді тазарту және орындалған жұмысты мұғалімге көрсету.
12. Жалғанған және ұшталған жерлерді изоляциялық лентамен 2 - 3 қабат етіп орау.
5. Жинақтау
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы ережесімен танысамыз және жұмыс орнын дайындаймыз.
Материалдар мен аспаптар: жалғауға және ұштауға арналған мыс салалы проводтарға арналған ұштықтар, наждакты (зімпара) қағаз, изоляциялық лента, дәнекері және канифолі бар кішкентай ванна, астына тіреуіш тақтайшасы бар электр дәнекерлегіш, монтерлік пышақ, кемпірауыз, егеу.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық
Оқушылар Үйінің Радиотехника үйірмесінің жетекшісі
Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы