Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі

Скачать

Қасым хан (1511 - 1518)
Конспект
Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473 1474 - 1511 жылдар. 1511 - 1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өрледі. М. Х. Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқының саны 1 млн - нан астам болғандығын айтады. Сонымен бірге Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. М. Х. Дулати Қасым ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді.
“Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңына енетін ережелер – мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Ол қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.
16 ғасырдың басында Қазақ хандығының шекарасы Солтүстікте және Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін жетті. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағы мен Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Шығыс Оңтүстікте Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендерінің алабы қарады. Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым хан тұсында хандықтың саяси - әкімшілік, сауда - экономикалық орталығы бастапқы кезде Сығанақ болды. Қасым хан алғашында Түркістан қаласында, ал өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта билік жүргізген. Қасым хандығы Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда және дипломатиялық байланыстар жасады.
16 ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халық саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы тартыстар азайды. Өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. Қасым хан Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша, 1518 жылы қайтыс болған. Ал орыс деректерінде 1521 жылы қыста Сарайшық қаласында қаза тапты деп айтылады.
Конспект сұрақтар
1. Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі:
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша, Қасым хан қайтыс болды:
3. Қасым ханның шабуылы сәтсіз болды:
4. 16 ғасырдың басында Қасым ханның сыртқы саясатындағы басты бағыт:
5. Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуінің себебі:
6. Қазақ хандығының сауда және дипломатиялық байланыста болған елдері:
7. Қасым хан өмірінің соңғы кезінде билік жүргізді:
8. 16 ғасырдың басында Қасым хандығы Батыс - Солтүстікте созылды:
9. Қасым хан ұлыс басшылығына сайлады:
10. “Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңындағы аламан міндеті, ердің құны қаралатын ереже:
11. “Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді” – деп жазған ортағасырлық ғұлама ғалым:
12. М. Х. Дулати дерегіндегі Қасым кезіндегі халық саны:
13. “Қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған” деп жазған:
14. 1473 1474 - 1511 жылдары Қазақ хандығын басқарды:
15. Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігінің...... себеп болды:
16. Мұхаммед Хайдар Дулати өз деректерінде Қасым ханды қай жылы қайтыс болған деп көрсеткен:
Тақырыптың тесті


Скачать


zharar.kz