География 9 класс
Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның көлік кешені мен оның түрлерімен, атқаратын қызметімен таныстыра отырып мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғындыру толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Қазақстандағы көлік түрлерімен, олардың таралған аймақтарымен таныстыру, өз - ойын еркін жеткізуге, белсенділікке, білімділікке дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып отансүйгіштікке, адамгершілікке тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның көлік картасы, суреттер слайд, видео, жетондар,
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Ойын, Сын тұрғысынан ойлау, схема топтама жасау әдісі.
Пәнаралық байланыс: Тарих, физика
Күтілетін нәтиже: Терминдік сөздерден түсінік алады, мамандық таңдауға үлесін қосады. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
2. Сыныпты түгендеу.
3. Сабаққа икемдеу.
II Жаңа сабақ:
1. Көлік экономиканың қан жүргізетін жүйесі.
2. Құрлық көлігі.
А. Автомобиль көлігі.
Б. Теміржол көлігі.
3. Су көлігі.
4. Әуе көлігі.
5. Байланыс құралдары.
Қазақстандағы көлік жолдары
Автомобиль көлігі
- Қазақстан автомобиль жолының ұзындығы 95 мың км;
- Республикалық деңгейдегі жалпы ұзындығы 22, 2% құрады;
- Жергілікті деңгейдегі жалпы ұзындығы 77, 8% құрайды;
- Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы 12, 4 мың км;
- Анағұрлым ыңғайлы;
- Басқа көлік түрлеріне қарағанда жүк пен жолаушы тасымалдауда жетекші орын алады;
- Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырады;
- Ауыл мен қаланы байланыстырады;
- Қазақстанда ірілі - ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.
Есеп.
Екі автомобильге бірдей мөлшерде 5 тоннадан жүк тиелді. Біріншісі оны 10 км қашықтыққа, екіншісі 100 км - ге тасып апарды. Олардың қайсысы көп жұмыс атқарды?
Жауабы:
Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар - жағармай жұмсады, демек оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна - километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдады.