Жалпы ата - аналар жиналысы.
Тақырыбы: Мақал сөздің мәйегі
Мақсаты:
1. Білімділік: Мақал - мәтел айтылуына қарай топтастыра отырып, сөздерді жүйелі, сөйлемді толық айтуға, сөз шеберлігінің сапталуына жол ашады, дағдыландырады.
Халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекше сара жолын түсіндіреді.
2. Дамытушылық: Мақал - мәтелді айту арқылы тілін, мақал туралы білімін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзінің халқына деген сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Құрметті ата - аналар, апайлар!
Ересектер Жұлдыз тобы ұйымдастырған
Бүгінгі Мақал сөздің мәйегі сайысына хош келдіңіздер!
Кіріспе бөлім:
Халық ауыз әдебиетінде айрықша орын алатын асыл мұраның бір саласы - мақал – мәтелдер.
Мақал - мәтелдер халықтың ақыл - ойының, сөз байлығының, әрбір ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізуінің үлгісі болып табылады.
Айталық еңбек жайындағы мақал - мәтелдерге зер салсақ балаларды еңбекке баулып, ерінбей тер төгуге тәрбиелейді.
Бұл мақалдарға айғақ ретінде Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей , Төзімді еңбек, бәрін де жеңбек деген мақалдар ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін жалқауларды сынап, еңбектің құдіретін дәріптеуге бағытталған.
Адамдық қасиетті Ардан безіп, адам болам деме , Абырой - ар айнасы деген мақал - мәтелдер - ақ айтып тұр.
Айта берсек Отаның қорғауға, өнер - білім туралы, ата - ана қадірлеуге, т. б арналған мақалдардың түрлері өте көп.
Мақал - мәтелдерді есту бір бөлек, оны көңілге тоқу бір бөлек нәрсе.
Мақал - мәтелдердің мағынасына үңіле білсек айтылған нәрсе далаға кетпей, өз орнын табары сөзсіз.
Бүгін біз мақалдарға байланысты мақал сөздің мәйегі сайысымыз осы пікірлердің жалғасы болары анық.
Енді мақал сөздің мәйегі сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға сайысқа қатысатын ата - аналарды қошеметпен қарсы алайық.
----------------------------
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық, қазылар алқасымен таныс болыңыздар.