Тақырыбы: Әдемі кілем
Мақсаты: Геометриялық пішіндер ұғымын қалыптастыру. Көлеміне қарай ажырата білуге, түстерін тауып, өз орнына орналастыруға, оң, сол, асты, үсті ұғымдарын үйрету. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз,
Ренжеуді білмейміз.
Қуанасын сен де, қуанамын мен де
Арайлап атқан күнге
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз!
Саламатсыздар ма апайлар!
Тәрбиеші: Балалар қыс жайлы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Дильназ: Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз.
Күтпеген сәт.
Қонаққа Сайқымазақ кіреді. Қолында 3 шары бар.(Тапсырмалар) Сайқымазақ: Саламатсыңдар ма балалар? Мен сендерге ғажайып Сайқымазақтар елінен ұшып келдім. Сіздерге көптеген қызықты тапсырмаларым бар, ойнаймыз ба?
1 - тапсырма: кірпіштерден үй құрастыру(пішінін, түсін айту)
2 - Тапсырма: үшбұрыштардан не құрастыруға болады?(түсін, көлемін айту)
3 - тапсырма: дөңгелектен аққала жасау.(асты, үсті, үлкен, кішісін айтқызу)
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, тамаша. Менің тапсырмамды түгел орындадыңдар ал енді осы аққала, шыршаға байланысты қандай тақпақ білесіңдер.
Инкар: Көрікті шыршамыз
Шамдары самғаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән.
Нұржан: Қыс келгенде далаға
Қызығып мен тұрамын
Аппақ қармен ойнаймын
Аққалалар жасаймын.