Тірі жаннан бездіріп, Апарасың қай жаққа

Скачать

Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге - ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.

Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылуға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.

Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі - берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңіліп.

Ақы беріп тыңдатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Өзіңіз білетін ақынның өлеңдерін сайтта жаиялауға болады, пікір қалдыру жолына немесе поштаға жолдауға болады.


Скачать


zharar.kz