Оттекті бос күйінде алған кімдер

Скачать

Қарағанды облысы, Саран қаласының
№7ЖББМИ биология және химия мұғалімі
Ермекова Гүлнар Садуақасқызы

Қысқа мерзімді жоспар
Химия 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Мақсаты:
Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, ерекшеліктерін түсінуге, атай алуға, реакция теңдеуін құрастырып, есептер шығара алуға, алған білімін өмір тәжірибесінде қолдана алуға ықпал ету
Күтілетін нәтиже: А оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, алыну жолдарын біледі, өз білімін бағалай алады, салыстыру, талдау жұмыстарын жасай алады, материалға баға береді, тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жасайды, есептер шығарады
В оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, алыну жолдарын біледі, өз білімін бағалай алады, салыстыру жұмыстарын жасай алады, алгоритм бойынша есеп шығарады
С оқушы - оксидтерді ажырата, атай алады, реакция теңдеулерін мұғалім көмегімен жаза алады
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып оқушының өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, өзін - өзі бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Топтарға біріктіру 2 мин
Оқушыларға жемістер таңдап алуға ұсыныс жасалады
Білімдерін тексеру 2 мин
Оттек бойынша білетін білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды: 1. Оттек латын тілінде қандай мағынаны білдіреді? 2. Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері қандай? 3. Оттекті бос күйінде алған кімдер? 4. Оттек атомында неше электрон бар? 5. Өнеркәсіпте оттекті неден алады? 6. Зертханада оттекті неден алады? 7. Оттек атомынан тұратын оттектен басқа жай зат қалай аталады
Ой шақыру 1 мин
Интербелсенді тақтаға формулалар жазылады: CuO, H₂S, FeO, MnO₂, H₂O Барлығына ортақ қандай белгі байқап отырсыңдар
Артық формуланы сызып, қалғанын атаңдар

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz