Балалар қәзір бізде қандай сабақ

Скачать

Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз
1 сынып - С. Қалиев"Әже"
2сынып - Ж. Смақов "Айтшы, әжетай!"
3 сынып - М. Сүндетов"Қайырымдылық"
4 сынып - Б. Бұлқышев"Ана"
Мақсаты:
1. Оқи білу, мәнерлеп оқи білу, рольге бөліп оқуға үйрету.
2. Тіл дамыту, сөз қорын молайту, балалардың эмоциялық - танымдық қызметтерін дамыту.
3. Оқушыларға ана пейілі мен махаббатын сезіндіру, үлкендерге ізетті болуға баулу.
4. Түзеу: қимылдарға еліктеу қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: мультимедиалық көрсетілім.
Сабақ жүрісі:
I. Ұйымдастыру. Бақыт шеңбері:
- Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем, қуанам!

- Сендердің қолдарыңнан бәрі келеді.
- Балалар қәзір бізде қандай сабақ?
- Ана тілі бізге нені үйретеді?

Ана тілі туралы өлең
Менің атым – Ана тілі,
Орным көптен дара тұр.
Мені жақсы игерсең,
Боласың шешен оратор
Атқаратын көп ісім,
Кеңітем ой өрісін.
Әңгіме, ертек, жырымды
Көп оқыңдар ол үшін
II. - Балалар, бүгінгі сабақта біз төмендегідей шығармалармен танысамыз:

1 сынып - С. Қалиев"Әже"
2сынып - Ж. Смақов "Айтшы, әжетай!"
3 сынып - М. Сұндетов"Қайырымдылық"
4сынып - Б. Бұлқышев"Ана"

- Тақырыптарда қандай ұқсастық бар?
III. - Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі ұлы жазушы Ғабит Мүсреповтің сөзі Адамда не жақсы қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет
IV. Артикуляциялық жаттығу
А - дегенім алма, өседі биік талда
Б - дегенім балық, суда жүзеді қалқып
С - дегенім аққан су
Г - дегенім гүл, бүр жарыпты гүл.

V. Сөздік жұмыс
Өрген – жалғасқан
Ақтабан – жылқының атауы
Қаракөл қой – қойдың түрі
Бәкене – аласа
Қақ – іркіліп қалған жауын суы
Уанбай шырылдап – көнбей жылап

VI. С. Қалиевтің "Әже" шығармасы бойынша жұмыс
Мәнерлеп оқып беру
-- Әжелеріңе қалай көмектесесіңдер?
-- Кімнің атынан айтылып тұр бұл өлең?
VII. Тіл дамыту
Жа - жа - жа, менің атым – Қожа.
Жу - жу - жу, сен қолыңды жу.
Же - же - же, қандай жақсы әже.
Же - же - же, әже берді көже.

-- Балалар, жанұяда бәрі тату болған жақсы.
Тағы қандай туыстық атауларын білесіңдер?
Әкем ------- Атам
Анам -----Ағатайым
Інім ------Апатайым
Сіңлім---- Нағашым
Әжем------ Жездем
Қарындасым ------Жеңгем
Бөле----------- Жиен ағам

VIII. Ж. Смақовтың"Айтшы, әжетай" өлеңі бойынша жұмыс
-- Оқушының көмегімен өлеңді диалог ретінде мәнерлеп оқу.
IX. Сергіту сәті
Әкем менің – қауыншы,
Анам менің - сауыншы,
Ағам менің - егінші,
Жеңгем менің - тігінші,
Әжем менің - ол аспаз,
Атам менің - ол ұста,
Бәрі - бәрі - жұмыста.
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке!
X. М. Сүндетовтің "Қайырымдылық әңгімесі" бойынша жұмыс
Рольге бөліп оқу.

XI. Ойын "Сөз ойла, тез ойла!"(мақал - мәтелдегі тиісті сөздерді тауып қою)

XII. Б. Бұлқышевтың "Ана" деген шығармасы бойынша жұмыс
Оқушылардың рет-ретімен, сұрақтарға жауап тауып оқуы.
- Қай жолдарында анаға деген махаббаттың құдіреті туралы айтылған?
- Қазақ әйелі қандай болу керек?
XIII. Сергіту сәті
Ән "Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!"

XIV. Сәйкестендіру
XV. "Көкек " ненец халқының ертегісі бойынша мультфильмін көрсету
Әр ананың арманы
Баласы жақсы болғаны
Орындалса сол тілек
Орындалар қалғаны

XVI. Ұй жұмысы. Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастырып келу.
.................... данасың
.................... панасың
.................... баласың
.................... анашым
XVII. Бағалау. Қорытындылау


Скачать


zharar.kz