Ұзақ мерзімді жоспар: Дені саудың жаны сау
Сабақ тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Оқу мақсаты: 1. 1. 4. 1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
Тілдік құзіреттілік:
гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; жинақылық – опрятность – neatness.
Ресурстар: Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, жеке бас гигиенасы ережелері жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған үлестірме парақшалар, жұмбақтар туралы материалдар.
Құндылықтарды дарыту: Еңбекқорлық, жауапкершілік, сыйластық.
Алдыңғы меңгерілген білім: Оқушылар адам денесінің ішкі мүшелерін және олардың негізгі қызметтерін біледі.
Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
Добрый утро учитель,
Добрый утро друзья.
Посмотрите друга - друга
Пожелайте добра!
Good moning, good moning,
Good moning to you.
Good moning, good moning you a glad to si you!
Балалар шеңбер бойына тұрады. Бүгінгі сабаққа бір - біріне үш тілде сәттілік тілейді. Мұғалім түрлі түсті қима қағаздар ұсынады. Оқушылар өз көңіл - күйлеріне сәйкес түстерді таңдап алып, орындарына отырады.
ІІ. Алдыңғы сабақ бойынша сұрақтар қойылады:
1. Адамның дене мүшелерін ата?
2. Денсаулық туралы мақал - мәтел айту
3. Дене жаттығуларын ойлап табу және жасау
4. Денсаулыққа пайдалы тағамдарды ата? (ҚБ)
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.
Мұғалім оқушыларға жұмбақтар жасырады.
Жұмбақтарды шешу:
• Ерте мен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
• Шомылған баланы аймалап алады.
Сүртеді қолыңды, сүртеді денеңді. Бұл не? ( Сүлгі)
• Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басың менісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
• Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
- Осы заттар адамдарға не үшін керек?
- Сондықтан, біз бүгін сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? (ҚБ)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Батыр ауылы, №10 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жумашова Зауре Биболовна
Тазалық – денсаулық кепілі. жүктеу
Тазалық – денсаулық кепілі слайд жүктеу