Сабақтың тақырыбы: "Төлдер" 35 - 36 - жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсінік беру, төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейте отырып, малдың пайдасын ұғындыру
2) жіңішке дауысты дыбыстардың қолданылуын жаттығу жазу барысында нақтылай білу, ойын ұшқырлап, тілін дамыту
3) еңбекқорлыққа, үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, слайд
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Қозы өлеңін жатқа айту.
Пысықтау сұрағы.
- Алфавитте неше әріп бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Сөз неден құралады?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс ата?
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- Жуан дауысты дыбыстарды ата?
ІҮ. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс
1. жуан дауысты дыбысқа байланысты суреттер
Ата бота ұя ыдыс
(оқушылар суретті тауып, жуан айтылған сөздерді талдайды)
2. Жіңішке дауысты дыбысқа байланысты суреттер(мұғалім түсіндіреді)
Өр - мек - ші ү - кі ә - же
1. Буынға бөлу
2. дауысты дыбыстарды айту
3. Ерже айту
(Тақтада жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, і, ү)
35 - жаттығу(ауызша)
Мен даламның ұлымын
1. Жіңішке айтылған сөздерді табу және талдау
Сергіту сәті Слайд 1
Домбыраның күйіне
Қане биле балақан
Қосылайық биіне 2 рет
Шапалақтап алақан
Биле талдай бұралып
Қанатын қақ қаз болып
Өнеріңе қуанып 2 рет
Қол соқсын ел мәз болып
Ү. Дәптермен жұмыс Слайд 2
36 - жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жазу.
Жаңылтпаш
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
Жіңішке айтылған сөздерде неше жіңішке дауысты дыбыс барын анықтау.
Осыған байланысты Венн диаграммасын орындаймыз.
Жуан Жіңішке
Ұқсастығы
Математика пәнімен байланыстыру 2 3 5 6 1 4
1 2 3 4 5 6
ҮІ "Малдардың төлін тауып, атын ата" Слайд 3
Олай болса, осы төлдерден бүгін жылқының төлі құлыншақ пен түйенің төлі ботақан жайлы өлеңді оқимыз.
ҮІІ. Кітаппен жұмыс Слайд 4
Оқулықтың келесі бетін ашайық.
"Төлдер"өлеңі
• мәнерлеп оқу(мұғалім)
• тізбектеп оқу
Жіңішке айтылған сөздердегі жіңішке дауысты дыбыстарды атау.
Слайд 5 (мұғалім) Жылқы туралы мәлімет
• Жылқы атауы: жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлділ, арғымақ.
• Жылқының қасиеті: жүйрік, шыдамды.
• Жылқының өсуі: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті,
бие, ат, сәурік, айғыр.
• Жылқының жүрісі: аяң, жүріс, жорға, жортақ, бүлкек, желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс.
• Жылқының сипаты: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар, т. б.
• Жылқы еттері: қазы - қарта, жал - жая.
- Жылқы қалай дыбыстайды
- Жылқы кісінейді. И - и - и о - о - о
- Жылқыны қалай шақырды
- Жылқыны құрау - құрау
- Жылқы атасы
- Жылқы атасы Қамбарата
Түйе туралы мәлімет
• Түйенің қасиеті: күшті, жүйрік, шыдамды.
• Түйе атауы: желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ.
• Түйе өсуі: бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура.
- Түйе қалай дыбыстайды?
- Түйе боздайды. Бө - бө - бө - бө
- Түйені қалай шақырды?
- Түйені көс - көс
- Түйе атасы
- Түйе атасы Ойсылқара
ҮІІ. Қорытынды. "Кім жылдам" ойыны (Төрт түліктің қай мүшелері жоқ)
Түйеде өркеш жоқ.
Өркештегі сұрақ ( төрт түліктің пайдасы)
Жылқының құйрығы жоқ
Жылқының құйрығы(Мал атасын ата)
Сиырдың мүйізі жоқ
Сиыр мүйізі (Жіңішке дауысты дыбысты ата)
ІХ. Үйге тапсырма: "Төлдер" өлеңін және ереже жаттау.
Жіңішке айтылатын сөздерден 5 сөз жазып келу
Х. Бағалау. Оқушыларды марапаттау.
Қызылорда қаласы № 268 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ошақбаева Айкүн Бисенқызы