Есілбай жалпы орта білім беру мектебініңматематика пәнінің мұғаліміАйтмаганбетова Құралай КаримоллақызыСайыс сабақТақырыбы

Скачать

Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы

Сайыс сабақ
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

8 сынып
Мақсаты:
а) білімділік: Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын пайдалану, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтау және түбірлердің формуласын қолданып, квадрат теңдеуді шешу
ә) дамытушылық: Теңдеулерді шешу арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, жетілдіру
б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге үйрету
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, қанатты сөздер, жетондар, үлестірме материалдар.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Әдістер: Деңгейлік тапсырмалар, ұлттық ойындармен байланыстыру, БиС технологиясының элементтері.

Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Арқан тартыс ойыны (сұрақ – жауап)
4. Қыз қуу ойыны (деңгейлік тапсырмалар)
5. Сергіту сәті Математикалық домино
6. Садақ ату ойыны (сәйкестігін тап)
7. Теңге алу ойыны (тест)
8. Қорытындылау

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, назарын сабаққа аудару
(1 мин)
Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, атын қою.

2. Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)
№133 Тапсырмаларды орындағандары бойынша екі топқа ұпай беру

3. Арқан тартыс (сұрақтар) (7 мин)
1) Сәйкестігін анықта:

ax + b =0 ------------- Сызықтық теңсіздік
ax + by +c =0 ---------- Квадрат теңдеу
ax ² + bx +c =0 ----------- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
ax + b ˃0 ---------------------- Сызықтық теңдеу


Скачать


zharar.kz