РАФТ стратегиясы

Скачать

АШЫҚ САБАҚ
Ана тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев Ана
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Сабақтың түрі:
1) Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды өлең.
4. Эссе жазу.
5. РАФТ стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Б. Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.

Сабақ жоспары:
1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Ой - ашар. Жаңа сабақ.
4) Ой қозғау.
- Мәтінді оқу.
- Өзіндік жұмыс.
- Түртіп алу жүйесі.
5) Ой толғаныс.
- Бес жолды өлең.
- Эссе жазу.
- РАФТ құрастыру.
6) Анаға тілек тренингі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Оралхан Бөкейдің Апамның астауы мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды.
- Әжемізге жазып келген хаттарын оқыту (3 - 5 оқушыдан сұрау)
- Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
- Автордың апасына берілген мінездемесі.

- Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б. Бұлқышевтің Ана мәтінін оқимыз.
Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
Топтастыру

ІІ. Мағынаны тану.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
Бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Ж.
Баубек Бұлқышев Ана жүктеу


Скачать


zharar.kz