Салынған постерді топ арасында түсіндіру

Скачать

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәні мұғалімі: Бажикова Бахыт Амантаевна

Тарих 9 - сынып
Тақырыбы: 1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға 1930 жылдардағы шаруалар көтерілісі мен ашаршылық жайлы түсіндіру, шындығын ашу
Дамытушылық: топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: ашаршылық зұлматының қазақ халқы үшін ауыр оқиға екендігін көрсете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, АКТ

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Иә - жоқ ойыны арқылы
1. 1927 ж желтоқсанында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды. (Иә)
2. Кіші Қазан идеясының авторы Тұрар Рысқұлов(жоқ, Г. Голощекин)
3. 1929 ж Қазақстанда МТС(машина - трактор станциясы) құрыла басталды (Иә)
4. Ұжымдастыруға Ресейден 1204 адам келді (Иә)
5. Торғай ауданында 1 млн малдан 98 мыңы қалды (Иә)
6. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын ұраны ұжымдастыру кезеңінде көтерілді(Иә)
7. 1932 ж ақпанда Шу ауданында 400 киіз үйден қала үлгісіндегі поселке тігілді(Иә)
8. Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді (Иә)
9. Кіші Қазан идеясын қолдаған адам Ә. Бөкейханов (Жоқ, И. Сталин)
10. 1931 ж қазанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 75 пайызға орындалды (Жоқ, 65 пайыз)
11. Шұбартау ауданында етке малдың 80 пайызы өткізілді (Иә)
12. Астықты аудандарда колхозды ұйымдастыру формасы – жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу серіктестігі болды (Жоқ)
13. Ұжымдастырушыларға көмекке 8 мың белсенділер жіберілді.(Иә)
14. 1928 ж шаруалар малын кәмпескелеу туралы заң шықты (Жоқ)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпқа шығу. Үлестірмелі қағаздар таратып, суретте не бейнеленгені, не туралы екендігін сұрау. Тақырыпты жаздыру.
1. Оқулықтағы материалмен танысу
2. 1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі атты постер салу
3. Салынған постерді топ арасында түсіндіру.
4. 1930 ж шаруалар көтерілісі оқиғаларды жазу
5. 1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі тақырыбы бойынша сәйкестендіру
6. 1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі тақырыбы бойынша өз ойын жазу.
7. 1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі тақырыбын топ ішіндегі оқушылардың қорытындысы. Даңқ аллеясы


Скачать


zharar.kz