Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт
Мақсаты:
Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға, сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үн таспа, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.
Билингвальді компонент: Тауық – курица, әтеш - петух, қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкек - кукушка.
Мотивациялық қозғаушылық
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық.
Армысың, Алтын күн,
Армысың, Жер ана.
Армысың, Көк аспан,
Армысың, жан досым
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
Өте жақсы балалар. Балалар, өткен оқу іс - әрекетімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, жаз мезгілінде неше ай бар?
- Балалар, құстар нешеге бөлінеді?
- Қанекей, оларды бәріміз бірге атайық.
- Үй құстарына қандай құстар жатады?
- Үй құстарын қайда бағады?
- Балалар, дала құстарына қандай құстар жатады?
Ойын: Қай құс қайда мекендейді? .
Іздену – ұйымдастырушылық
- Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой. Енді бәріміз үн таспадан Қарлығаш пен дәуіт ертегісін тамашалайық.
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаттары қатпаған балаландары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жеуге қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр - шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, - дейді көкек. Одан шығып, қарғаға барса:
- Үйленгелі жатқанымда мазамды алма, - дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр - шыр еткен даусын естіп:
- Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды. Қарлығаш сонда:
- Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмей жүрмін, - деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп - төгіп жібереді.
- Олай болса, мені жеткіз тезірек, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып - жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де, екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.
ІІІ. Сергіту сәті.
Қатар - қатар тұрайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қанатымызды кең жайып,
Ұшып - ұшып алайық
Қазым - қазым қаңқылда,
Суда жүзіп саңқылда.
Жем берейін жейсің бе,
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ,
Кәмпит тәтті ас болмас,
Арпа менен бидай шаш.
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектептің
шағын орталық тәрбиешісі Уалиева Лаура Мәлікқызы
Қарлығаш пен дәуіт. жүктеу