Ананың аты кім

Скачать

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі
Абдрешова Айнагүл Фазылқызы

Білім – жанып тұрған шырақ сайыс сабақ
Мақсаты: оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өздерін емін – еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген қызығушылықтарын ояту.

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім. Оқушылар біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, Білім жанып тұрған шырақ атты сайысымызды бастаймыз.

Сәлем сөздің анасы .
Мұғалім:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында
Әр оқушы өздерін таныстырады.
І топ – Білімділер
Ұраны:
Білекті бірді жығады.
Білімді мыңды жығады.
ІІ топ – Ойшылдар
Ұраны:
Кітап алтын сандық,
Іші толған қазына құт.
Оқы, оқы, ойыңа тұт

І кезең Көңілді қалам
1 - Топқа
1. Ертегі оқисың ба?
2. Қай пәнді жақсы көресің?
3. Досың кім?
4. Ананың аты кім?
5. Сиырдың төлі қалай аталады?
6. Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
7. Үй жануарларын ата?
8. Қызанақтың түсі қандай?
9. Неше жуан дауысты дыбыс бар?
10. Балық қайда болады?

2 - топқа
1. Жасың нешеде?
2. Шашыңның түсі қандай?
3. 1 аптада неше күн бар?
4. Жыл мезгілдерін ата?
5. Т қандай дыбыс?
6. Асханада не істейді?
7. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
8. Тудың түсі қандай?
9. ҚР Президенті?
10. Жемістерді ата?

ІІ кезең Мықты болсаң тауып көр мақалдың жалғасын тап
1. Оқу – білім........ бұлағы
Білім – өмір....... шырағы

2. Оқусыз білім...... жоқ
Білімсіз........ күнің жоқ
3. Оқу -....... білім азығы
Білім -...... өмір шырағы.

ІІІ кезең Ғажайып сурет Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңде ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік – деп бұл кезеңде оқушылар берілген қиындылардан бір бейне құрастырады.

ІҮ кезең Өлең - сөздің патшасы Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер, данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Берілген өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

Ү кезең Ойлы болсаң, озып көр жұмбақ шешу

ҮІ кезең Сәйкестендіру тесті
І топқа
Ақ ------- шашын
Жора ----- төмен
Жауын ------- қараша
Жоғары --------- жылы
Жып -------------- жолдас

ІІ топқа
Арыстан --- боздайды
Қой ----------- кісінейді
Түйе ------------ мөңірейді
Сиыр -------------- маңырайды
Жылқы ------------- ақырады

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын


Скачать


zharar.kz