Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы

Скачать

Астана қаласы,
№60 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Аяпбергенова Сауле Шабанбаевна

Сабақ тақырыптары:
1. Т. Молдағалиев Бауырлар
2. Ф.Оңғарсынова Оюлар өлеңі
3. Әңгімедегі ұлттық мінез ерекшелігі

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Тақырыбы: Т. Молдағалиев Бауырлар
Оқу мақсаты: Өлеңнің идеялық мазмұнын түсіну, мәнерлеп оқу
І. Ұйымдастыру
Даналық ағашы арқылы топқа бөлу
Сергіту сәті Ақбұлақ
ІІ. Үй тапсыр масын сұрау
Ортадағы қаламсап арқылы үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қызығушылықты ояту
Шет елдегі ағайынға сүйінші бейнефильмінен үзінді қою
ІІІ. Жаңа сабақ Мақсаты: дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайына орайлас жазылған бұл өлеңде көтерілген аса маңызды мәселе - қандас бауырларды өзінің атамекені Қазақстанға шақыру екендігін ұғындыру Топтық жұмыс: Постер қорғау
І топ
Т. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы.
ІІ топ
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
ІІІ топ
Өлең жолдарын мақал - мәтелмен сәйкестендіру.
ІV топ
Туған жерге қайта оралған бауырлар.

ІV. Бекіту
Жұптық жұмыс:
Автордың тілегі мен біздің тілек – арманымыз
V. Қорытынды
Жеке жұмыс
Мәтіннен ассоциациялық 10 сөз теріп жазып, сабақтың түйінін жасау
Кері байланыс Сабақта мені толғандырған 3 сәт: Қазағым менің саған айтар 3 ойым бар:

VІ. Үй тапсырмасы
Жер шарындағы қазақтар саны туралы мәлімет әкеліңіз.
VІІ. Бағалау
Бағалау критерий арқылы бағалау

Толық жүктеу


Скачать


zharar.kz