Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентация
Сабақтың мақсат - міндеттері а) білімділік Оқушыларға Microsoft Power Point бағдарламасымен, программа интерфейсімен таныстыру, презентация құруды үйрету
ә) дамыту шылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
б) тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: итерактивті тақта, монипулятор
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі - амандасу;
- түгелдеу;
- оқушының назарын сабаққа аудару;
- оқу құралдарының дайындығын тексеру;
ІI. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
IІІ. Жаңа материалды түсіндіру
а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс Біз бүгін Ms. Power Point бағдарламасымен, оның интерфейсімен танысып, презентация жасауды үйренеміз.
Презентация (ағылшынша presentation ұсыну деген мағынаны береді)- белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар жиынтығы. Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обьектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі обьект слайд деп аталады. Презентация құруға арналған офистік бағдарламалардың бірі - Ms. Power Point бағдарламасы.
Ms. Power Point бағдарламасын іске қосу үшін мына бұйрықтарды орындаймыз:
Бастау - бағдарламалар - Ms. Office – Ms. Power Point бағдарламасы
Ms. Power Point бағдарламасының интерфейсі, яғни терезесі мыналардан тұрады:
1. Тақырып жолы;
2. Мәзір қатары;
3. Құрал - саймандар тақтасы;
4. Жұмыс аймағы;
5. Слайдтың кішірейтілген түрі;
6. Қалып - күй жолы;