Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу

Скачать

І.Жоспарлау құрылымы (жылдық жоспар бөлімдері)
1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік – дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.
1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалықт шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік-дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.
Отырыстардың құрылымы
1. Негiзгi мәселе.
2.Бағдарламаның қиын тарауларын оқып-үйрену.
3.Мектепiшiлiк мәселелерді талқылау.
Жұмыс формалары
1.Өзара сабаққа ену және өзара дәптер тексеру.
2.Ашық сабақтар.
3.Тәжiрибелiк көрсете отырып, өз тәжiрибесiнен баяндама.

Бiрлестiк отырыстарында қаралатын мәселелер
1. Оқушылар бiлiмiндегi олқылықтардың алдын алу және жою жолдары.
2.Озат тәжiрибенi зерттеу тақырыптары
3. Оқу-тәрбие үрдiсiнде дидактикалық ойындарды пайдалану.
4. Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар
Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
- Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;
- Педагогикалық эксперименттер жүргізу;
- Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;
Әдістемелік бірлестік жұмысы
Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып, мектеп директоры тағайындаған адам басқарады. Әдістемелік бірлестік жұмысы бірлестік жетекшісі мектептің жылдық жоспарына сәйкес жасаған жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар әдістемелік жұмыстар меңгерушісімен келісіледі, мектеп директорына бекітіледі.
Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты мектеп әкімшілігіне алдын ала хабарлануы тиіс. Қаралған әр мәселе бойынша жазбаша нұсқаулар жасалып, орындалу барысы қадағаланады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары
- Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;
- Дөңгелек столдар, семинар-конференциялар дайындау;
- Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;
- Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;
- Пәндік ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу;
- Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;
- Озат тәжірибе мен қажетті құжатта зерттеу, жүзеге асыру;
- Пән және әдістеме апталықтарын өткізу;
- Өзара тәжірибе алмасу және сабаққа ену;
- Сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;
- Ұстаздар мен оқушылардың білім-біліктілігін тексеруге қатысу,
Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары
- Пәндер бойынша оқыту нәтижелерін талдау;
- Оқу бағдарламаларының өзгермелі бөлігін дайындауға, оқу мазмұны мен қойылатын талаптарға өзгерістер енгізуге қатысу;
- Пәндер бойынша жинақталған, кіріктірілген оқу бағдарламаларын дайындау;
- Пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар, үлестірме материалдар жасау, талқылау;
- Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,
- Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;
- Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;
- Көрнекі құралдар жасау мен жетілдіру, оқу-лабораториялық базаны нығайту жұмыстарын жүргізу;
- Жас мамандарға тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;
- Байқаулар мен олимпиадалар өткізу туралы ережелер жасауға қатысу;

Әдістемелік бірлестік құжаттары
1. Әдістемелік бірлестіктің ашылуы туралы бұйрық.
2. Бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
3.Әдістемелік бірлестік туралы Ереже.
4. Бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері.
5. Өткен оқу жылына жан-жақты талдау.
6. Жаңа оқу жылы тақырыбы, мақсаты, басым бағыттары.
7. Оқу жылының жұмыс жоспары.
8. Әр айға арналған бірлестік жұмысының жоспар-кестесі.
9. Мұғалімдер туралы мәлімет.
10. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруі туралы мәліметтер.
11. Іс-шаралар өткізудің графигі.
12.Аттестациялаудың перспектива жоспары, жылдық графигі.
13. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыру жоспар-графигі.
14. Пәндер бойынша ағымдық бақылаулар алу графигі.
15. Тоқсандық әкімшілік бақылау алу графигі.
16. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың графигі.
17. Озат тәжірибелер туралы мәліметтер.
18. Жалпы, факультативтік және авторлық бағдарламалар.
19. “Жас маман ” мектебінің жұмыс жоспары.
20. “Озат тәжірибе” мектебінің жұмыс жоспары.
21. Пән және әдістемелік апталықтарды өткізу жоспары.
22. Мектепішілік бақылау жұмыстарының жоспары.
23. Бірлестік отырыстарының хаттамалары.
Пәндік әдіс бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы
I.Жоспар төмендегі тараулардан тұруға тиіс:
1.Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Мұғалімдердің жылдық зерттеу жұмыстары.
3. Оқыту сапасы мен және оқыту әдістемесін зерттеу.
4. Оқушылардың білімін тексеру.
5. Өзара тәжірибе алмасу, озат тәжірибені тарату.
6. Жас мұғалімдерге көмек.
7. Кабинетті жетілдіру жұмыстары.
Әдістемелік бірлестік хұқтары
- Сабақ сапасы мен оқушылар білімінің сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерге арналған нұақаулар мен ұсыныстар дайындау, білім-білік жетілдіру жолдарын ұсыну;
- Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру, аттестацияны тиімді өткізу туралы ұсыныстар жасау;
- Кәсіптік байқауларға бірлестік атынан лайықты мұғалімдерді ұсыну және дайындау;
- Еңбегінің нәтижесіне қарай мұғалімдерді мадақтау-марапаттау туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар жасау;
- Әдіс бірлестігінде жинақталған озат тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе көтеру;
- Оқу-тәрбие мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен әдіскерлерден ақыл-кеңестер сұрау;
Әдістемелік бірлестік жұмысын бақылау
Әдістемелік бірлестік жұмысын мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі мектеп директоры бекіткен әдістемелік жұмыс пен мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес бақылайды.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс бағыттары
1. Бірлестіктегі мұғалімдер туралы мәлімет.
2. Бірлестіктің жаңа оқу жылына арналған міндеттері.
3. Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру жұмыстары.
4. Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары.
5. Тәжірибеден алынған баяндамалар.
6. Озат тәжірибені жинақтау және тарату.
7. Кәсіби басылымдарға жарияланған материалдарға шолу.
8. Педагогикалық оқуларға дайындық.
9. Оқушының білім-білік, дағдыларын тексеруге көмек.
10. Нұсқау, бұйрық, озат тәжірибе мазмұнымен таныстыру.
11. Білім жетілдіру курсында болған мұғалімдердің хабарламаларын тыңдау.
12. Көрнекі құралдар қорын байыту жұмыстары.
13. Мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау.
14. Семинарлар, байқаулар, сайыстар т.б. әдістемелік апталықтар өткізу.
Әдістемелік бірлестіктiң жұмыс жоспары

Кез келген әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмыс жоспары төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Әдiстемелiк бiрлестiктiң әдiстемелiк тақырыбы.
- Жаңа оқу жылындағы бiрлестiк алдындағы мақсат-мiндеттер.
- Облыстық, аудандық, мектепiшiлiк іс-шаралар.
- Әдiстемелiк бiрлестiктiң оқу-тәрбиелiк жұмыстары.
- Бiрлестiктегi әдiстемелiк жұмыстар.
- Әдiстемелiк қызметті оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету.

Бастауыш сынып мұғалiмдерi әдiстемелiк бiрлестiгiнiң бiр оқу жылына арналған жұмысының үлгi жоспары

Тақырыбы: педагог қызметі мен еңбегiнiң нәтижесін ғылыми негіздеп талдауды меңгеру.
Мақсаты: Мұғалiмдердiң бастауыш бiлiм берудегі зердесі мен кәсіби құзырлылық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздiксiз жетiлдiру.
Мiндеттерi:
1. Барлық типтегі сабақтарды өткiзудiң жоғары әдiстемелiк деңгейiн қамтамасыз ету.
2. Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
3. Бiрлестiк мұғалiмдерiнiң кәсіби бiлiктiлiгiн көтеру.
4. Шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң iс-тәжiрибесiнiң тиiмдi тұстарын айқындау, жинақтау, тарату.
5. Оқу-тәрбие үрдiсiне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру.
6. Бастауыш саты оқушыларының бойында рухани-адамгершiлiк касиеттердi қалыптастыру.
7. Бастауыш саты мұғалiмдерiнiң нәтиже мен тұлғаға бағытталған дамыта оқыту технологиялары бойынша жұмыстарын жандандыру.
Математика және жаратылыстану пәндерінің бірлестік отырыстарының жылдық жұмыс жоспары
Қыркүйек:
Тақырыбы: Математика және жаратылыстану сабақтарында әр деңгейлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың табиғи қабілеттерін ашып, дарынды балалармен жеке жұмыс ұйымдастыру.
Қараша:
Тақырыбы: Жаратылыстану және информатика пәндерінен зертханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдары.
Қаңтар:
Тақырыбы : Математика және жаратылыстану сабақтарын компьютерлендіру жолдары.
Наурыз:
Тақырыбы: Әрбір оқушының өткен материал бойынша меңгерген білім деңгейін өзі бағалауға үйрету, сол арқылы білім сапасын арттыру.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі

Өзекті мәселесі және мақсаты: Дамыта оқыту, деңгейлік саралау әдістерін жүйелі меңгеру және сабақта қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беру, математикалық, ауызша және жазбаша сауаттылыққа қол жеткізу.
Міндеттері:
- Барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану және бастауыш мұғалімдерін өз шеберлігін арттырудағы жұмысын жүйелеу.
- Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, математикалық сауаттылыққа, логикалық ойлауға үйрету. Оқуға, сапалы білім алуға ынталандыру, танымдық белсенділігін көтеру.
- Оқушылардың деңгейін анықтай отырып өз мүмкіндігін бағалай білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
- Оқушының мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы дамыту.
- Білім берумен қатар оқушыларды халықтық дәстүр үрдісінде адамгершілікке баулу.
Мектеп алды дайындық топтар мен бастауыш білім берудің сабақтастығымен жүзеге асыру

Бастауыш сынып мұғалімдері мен ұзартылған топ тәрбиешілерінің әдістемелік отырыстары
І отырыс - тамыз
1.2001-2002 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылындағы міндеттер.
2.Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамыту және жазбаша жұмыстарға қойылатын мектепішілік бірыңғай талаптар: а)Жазбаша жұмыстарының жүргізілуін бағалау критерийлері; ә)Іс қағаздарының және мектеп құжаттарының жүргізілуі.
3.Ұзартылған күн тобындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.
Мақсаты: Өткен оқу жылында жіберілген олқылықтарды ескеру және енді болдырмау, жаңа оқу жылының міндеттерін анықтау, нақтылау. Тәрбие жұмысы жоспарын жаңаша құруға бағыт беру.
ІІ отырыс - қазан
1.Оқушыны тапсырманы деңгейлеп беру арқылы дамыту, стандарт бойынша міндетті және мектепішілік талаптардың орындалуы: а)әр пән бойынша; жұмыс нәтижесі (мониторинг, диаграмма, кестелер).
2.Мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін ашу, кәсіби деңгейін көтеру. Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспарын талқылау.
Мақсаты: Оқушының деңгейін анықтай отырып, өз мүмкіндігін бағалай білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, қиындықтарды жеңе білуге баулу. Мұғалімдерді жүйелі түрде өз білімін көтеруге және ғылыми жұмыстармен айналысуға тарту.
III отырыс- желтоқсан
1.Бастауыш сыныпта математиканың берілуі туралы. Оқушыларға математикалық ұғымдарды жеңілдетіп берудің тиімді әдістері.
2.Бастауыш сынып және мектеп алды даярлау тобының өзара байланысын және оқушылардың психологиялық көңіл күйін зерттеу жолдары.
Мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа, логикалық ойлауға үйрету және танымдық белсенділігін көтеру, сапалы білім алуға ынталандыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерін оқушылардың психологиялық жағдайлары туралы теориялық көмек беру.
VI отырыс- наурыз
1.Жазба және бақылау жұмыстарындағы қатемен жұмыс істеудің тиімді түрлері.
2.Озық тәжірибе тарату: Сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысы (жаңа бағыттағы жұмысты көрсету).
Мақсаты: Оқушыларды өз қателерін тауып, себебін анықтай білу, жою жолдарын үйрету. Іс-тәжірибесімен танысу. Ата - анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту.
V отырыс - мамыр
1.Бастауыш сынып және дайындық тобындағы баланы психологиялық - педагогикалық зерттеу жұмысының нәтижесі.
2.Тексеру жұмысының қорытындысы бойынша оқушының даму деңгейін анықтау (мониторинг, графикалық диаграмма).
3.Оқу жылының қорытындысы. Алдағы оқу жылының міндеті.
Мақсаты: Оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтай отырып, алдағы оқу жылының міндетін белгілеу.


Скачать


zharar.kz