Химиялық сөзжұмбақ

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сутек. Қышқылдар. Тұздар тарауын қорытындылау.
Қазіргі таңда бүкіл адамзат қоғамының XXI ғасыр алғы шебіне, ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму кезеңіне бет бұрған уақыт деп есептейміз. Себебі көптеген жаңа ақпараттар ағымы, жаңалықтар бала санасына әсер етпеуі мүмкін емес. Осындай қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін сапалы білім мен саналы тәрбие қажет. Біздің Отанымыз Қазақстан өркениетті дамыған ел қатарына қосылу үшін ұрпақ біліміне басты назар аудару, баланың ашылмаған қабілетін ашу, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, т. б қырларының жандануына ықпал жасау үшін жаңа инновациялық технологияны қолдануымыз қажет.
Соның ішінде пәнге тиімді әдісті ғана таңдаған жөн. Мысалы, Сутек, қышқылдар, тұздар тақырыбын оқушыларға игерту мақсатында Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технологиясын қолдандым.
Оқушылардың білімін тексеру, дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбындағы қайталау сабағында өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Сутегі, қышқылдар, тұздар тарауы бойынша алған білім – білік дағдыларын қалыптастыруда әр - түрлі бақылау түрлерін қолдана отырып, жүйелеп қорыту.
●Дамытушылығы: Оқушыларды үлестірмелі сұрақтар арқылы әр оқушы өзара жұмыс жасауына, дұрыс нақты жауап беруін, графикалық тест, дидактикалық тапсырмалар, эстафеталық есептер шығару, алған білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін ой - өрісін дамыту.
● Тәрбиелігі: Оқушы білімдерін халықтың педагогикасымен ұштастыра отырып, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім тексеру, жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Өткенді қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: Кесте, слайд шоу, химиялық сөзжұмбақ, химиялық домино, мақалдар, реактивтер, құрал - жабдықтар.
Пәнаралық байланыс: Биология, физика, математика, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
● I кезең – “Ширату”
● II кезең – “Химиялық домино”
● III кезең – “Химиялық сөзжұмбақ”
● IVкезең – “Қызықты тәжірибе”
● V кезең – “Сіз білесіз бе? ”
● VI кезең – “Графикадық тест”
(Халықтық педагогика)
8. Үйге тапсырма беру
9. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, бүгінгі сабақта кім көп фишка жинаса сол осы сабақтың Жеңімпаз оқушысы атанып, марапатталады.
2. 1. Ширату кезеңі: Өткен тарауда бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын жеке-жеке қарастырған болатынбыз: оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздермен таныстық. Сондықтан келесі тарауымыз осы бейорганикалық қосылыстарды қайталау болатындықтан еске түсіру.


Скачать


zharar.kz