Бозінген күйі туралы аңызды айтып бер

Скачать

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ КҮЙ ПОЭМАСЫ
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. Күй поэмасы ( Бозінген күйі)
Сабақтың мақсаты: а) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан Бозінген күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру
ә) Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын, біліктілік қабілеттерін, тілін, шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту
б) Өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: еске түсіру, сұрақ - жауап, салыстыру, іздену, талдау
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекіліктер: слайдтар, интерактивті тақта, сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Оқушылармен танысу тренингін өткізу
2. Топқа бөлу (3 топ Білімділер , Алғырлар , Дарындылар )
3. Әр топқа бағалау парағын тарату

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Ілияс Жансүгіров қашан дүниеге келді?
2. Ілияс Жансүгіров қайда дүниеге келді?
3. Әкесі Жансүгір қандай адам болған?
4. Ілияс Жансүгіров 1911 жылы қандай мектепті бітірді?
5. Ілияс Жансүгіров Мәскеуге оқуға қашан аттанды?
6. Мәскеудегі оқуын қай жылы бітірді?
7. Қандай мамандық алып шықты?
8. Ташкентте қандай оқу орнында оқыды?
9. Ілияс Жансүгіровтің қандай шығармалары бар?

Топтастыру (әр топқа)
1894жылы
Алматы, Ақсу
Білімді, өнерлі
бастауыш
1925жылы
1928жылы
журналист
қаз.- қыр. инст.
Күй , Күйші
Құлагер

Сакен, Ілияс, Бейімбеттердің қазақ әдебиетінің Үш бәйтерегі деп аталуы туралы әңгімелеу.

ІІІ Жаңа сабақ
- Ілиястың Қандай шығармасын оқыдық?
- Бүгінгі сабағымызда оқыған поэма бойынша түрлі тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
1 - топ. Молықбай қобызшы тартқан ерекше күй жөнінде поэмада не айтылған?
2 - топ. Күтімде тұрған інгеннің маңғаз, сұлу мүсіні жайлы әңгімеле.
3 - топ. “Бозінген” күйі туралы аңызды айтып бер.
Барлығына: Сатылған інгеннің басындағы жағдайды және оның зарын ақын қалай суреттеген? (қағазға түсіру)
Қобызбен орындалатын Бозінген күйін тыңдау
- Күйді тыңдап отырып қандай әсер алдыңдар?
Күй - қазақтың домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптарымен орындалатын шығарма.
Күйші – күйді орындаушы, халыққа жеткізуші адам.
Күйшілер: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Қаршыға Ахмедияров, Айгүл Үлкенбаева, т. б (слайдтан суреттерін көрсету)
Ұлттық аспаптар: Домбыра, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, т. б. (слайдтан суреттерін көрсету)
2 - тапсырма
1. “Бозінген” күйінің тарихына ұқсас аңыз білесіңдер ме?
2. Күйдің адам денсаулығы үші немесе төрт түлік мал үшін пайдасы бар деп ойлайсың ба?
3. Поэма өзіңе қалай әсер етті?
3 - тапсырма
1 - топ. Молықбай күйшінің күй тартуын әсерлі суреттейтін шумақтарын оқулықтан тауып оқы
2 - топ. Ботасынан айырылған Бозінгеннің халін суреттейтін шумақтарды тауып оқы.
3 - топ. Күйдің құдіретін, қасиетін сипаттайтын шумақтарды үзіндіден тап.

Ыстық орындық
Үш топтан үш оқушы шығарып ыстық орындыққа отырғызу.
Тағы үш оқушы шығарып қарсы топқа сұрақ қойғызу.

- Молықбай қобызшы туралы не білесіңдер? Ол өмірде болған адам ба?
Жетісудың жорғасы, заманының өнерпазы, бармағынан бал тамған қобызшы, күйші, ақын, өлеңші, бақсы - балгер, құмалақшы, сал - сері Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған. 1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп келіп, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров Күй поэмасын жазып, Жаңа мәдениет журналына 1929 жылы бастырып шығарады., Молықбай іш ауруынан 1930 жылы көкек айының 30 - ында 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, Қызырілияс деп есімін қойып, кіндік әкесі саналатын қобызшы Байсақұлы Молықбайдың қайтыс болғанына биыл 82 жыл толды.

ІV Қорытынды
1. Поэманың құрылысына, поэтикалық тіліне талдау
2. “Қазақтың күйі - қазақтың жаны” тақырыбында сұрақ - жауап түрінде әңгіме құраңдар.

V Үйге тапсырма
1. Поэмадан үзінді жаттау
2. “Күй күшті, тауды - тасты бұзатұғын...” деген ақынның ойын сен қалай жалғастырар едің?
Бағалау


Скачать


zharar.kz