Әшекей бұйымдарды ата

Скачать

Тақырыбы. Фольгадан әшекейлі бұйымдар жасау.

Білімділік Фольга материалы туралы түсінік беру қапсырма жасаудың мақсаты: үлгісімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету.
Дамытушылық Оқушылардың еңбекке деген қабілеттерін ұштай отырып, мақсаты: фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік Қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге мақсаты: үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, қолдан жасалған қапсырма түрлері.
Құрал - жабдықтар: Қатты қағаз, қайшы, фольга, қарындаш.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау: Өткен сабақты пысықтау ретінде
сұрақ - жауап әдіспен пайдалану.
1. Шеберлер алқаны неден жасайды?
2. Алқа жасауға қандай жіп түрін қолданған дұрыс?
3. Білезік неден жасалады және қандай бұйым?
4. Білезік жасаған кезде қандай материалдар мен құралдар
Пайдаландық?

Үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақ:
1 наурыз
Фольгадан әшекейлі бұйымдар жасау
Ой - қозғау: 1. Фольга дегеніміз не?
2. Фольганың қандай түрлері болады?
3. Фольга материалын қайдан аламыз?

“Зергер адам - зерделі адам”
Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән - мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер. Әр түрлі туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызығы мол екеніне көз жеткізуге болады. Қас шебердің қолынан шыққан қару - жапақ, ер - тұрман, ат әбзелдері, тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысы. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.

Ассоциация әдісі.
сақина білезік ілгек жүзік

Әшекейлі бұйымдар түрлері

сырға қапсырма алқа шолпы

Темір ұсталарына қарағанда зергерлердің тұтынатын құрал - сайманы да атқаратын қызметі де әдіс - тәсілдері де көбірек болған. Темір ұстасы сияқты зергерлер де дүкенде жұмыс істейді. Олардың саймандарының көлемі темір ұстаныкіне қарағанда әлдеқайда шағын әрі жеңіл, ықшамды болған.
Зергерлер құрал - саймандары түрлері.
Зергерлік бұйымдардың ішінде, қыз - келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек. Кез - келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатылып, ою - өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрлері де көп. Олар: гауһар, маржан, інжу, меруерт.

Сергіту сәті:
Өзіндік жұмыс:
Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма қыз - келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Жұмыстың орындалу реті:
2 - суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де қиып аламыз.
Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан - жағын сызамыз. Бүктеу үшін 1см - дей артықтау алып, оны қиып аламыз.
Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.
Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз.

Бағалау:
Жаңа сабақты бекіту:
1. Әшекей бұйымдарды ата?
2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?
3. Қапсырманы кімдер тағады, не үшін тағады?
Үйге тапсырма: Қатырма қағаз, бояу түстерін, қарындаш әкелу.


Скачать


zharar.kz