Топтамадағы сабақ жоспарлары тізімі

Скачать

Топтамадағы сабақ жоспарлары тізімі:
1. Логарифмдік теңдеулерді шешу (слайдымен)
2.Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері
3. Келтіру формулалары
4. Жай бөлшектерді қосу (слайд)

Алгебра және анализ бастамалары 10 класс
Сабақ тақырыбы: Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері
Сабақ мақсаты:
1. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін меңгеру
2. ҰБТ - де осы тақырыпқа сәйкес келетін есептерді шығара білу
3. Алған білім дағдыларын есеп шығарғанда пайдалану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
]ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІV. Оқулықпен жұмыс
V. Тест орындау
VІ. Кім жүйрік?
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бекіту. ҰБТ тестісінде берілген есептерді қарастыру
І Х. Пікір

І. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеймін
ІІ. Үй тапсырмасы тексеріледі. №288(а - г), №287(ә - д)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Функцияның берілген [а; в] кесіндісіндегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмі:
1. Функцияның барлық сындық нүктелерін тауып, бұл нүктелердің [а; в] аралығына енетіндеріне осы кесіндінің ұштарын өсу тәртібімен тіркеп жазу керек. а, х1, х2,..., хn, в
2. Функцияның осы анықталған нүктелердегі мәндерін табу керек.
f(a), f(x1), f(x2),…, f(xn), f(b)
3. Осы табылған мәндердің ең үлкені мен ең кішісі берілген функцияның [а; в] аралығындағы сәйкес ең үлкен және ең кіші мәндері болады.
Жазылуы:
maxf(x) --------- minf(x)
[a, b] ------------ [a, b]
Мысалдар:
1. у=х3 - 3х+1 функциясының
[- 3; 0] кесіндісіндегі ең ұлкен және ең кіші мәндерін тап.
уІ=3х2 - 3. ---------------- 3(х2 - 1)=0.
(х - 1)(х+1)=0
х=±1
1Є[- 3; 0]; - 1Є[- 3; 0];
- 3; - 1; 0
f(- 3)=- 17
f(- 1)=3
f(0)=1
maxf(x)=f(- 1)=3
[- 3; 0]

minf(x)=f(- 3)=- 17
[- 3; 0]


Скачать


zharar.kz