Ару көктем

Скачать

Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, аналар!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана, ана осы қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан

Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Нұрасыл: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Аяжан: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Құшағына кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де

Санжар Жөлекен: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Дария: Анам менің Күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Қайнар: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Амина: Анам менің Айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді.
Би: Шөжелерім.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Кәусар: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұржан: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Мағзұм: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Санжар Жолдығали: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бекжан: Ақ қабақты анашым,

Ойын: Кім тез гүл тереді?
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған.

Ару көктем: Балалар сендерге арналған тапсырмаларым бар
1тапсырма:
Маған аналарыңа арналған қуаныштарыңды тілектеріңді қалай жеткізесіңдер соны айтып беріңдерші!
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Бану: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Назерке: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Сая: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Гүлжан: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Музыка шығады:
Ару көктем: О қандай әдемісіңдер керемет
2тапсырма
Ән шашуын билеріңді көрейін деп тұрмын
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Аянаның орындауында ән Қошақаным
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті Достық бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді Еркетай тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын
Ұлдар хорменен:
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекені тойлаймыз деп қыздарға сыйлықтарын табыс етеді.


Скачать


zharar.kz