Азық - түліктерді табыңдар

Скачать

Сембі Кенжегүл Бақытқызы

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, меңгерту.
Білімділік: Оқушыларға дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі екенін түсіндіру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау, тазалыққа, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін дамытып дүниетанымын кеңейту, мәтіннің мазмұнын
айтуға үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: АТК, жетондар

І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың оқу — құралдарын түгелдеп, сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық.
Бақыттымын мен
Бақыттысың сен
Бақыттымыз бәріміз

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Отбасы дәстүрлері тақырыбын түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын айту.
( Әртүрлі мамандар қонаққа келеді тақпақтар айту )

ІІІ Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға келген қонақтар әртүрлі тапсырмалар ала келді.

І тапсырма:
• Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
• Неліктен жемістер мен көкөністерді көп жеу керек?
• Неліктен ас ішер алдында қолды жуу керек?
• Жемістер мен көкөністерді неге жуып жеу керек?

ІІ тапсырма
Мынау не? атты дидактикалық ойын. ( тақтада түрлі
суреттер жасырылады, 1 оқушы тауып қалғандары толықтырады)

ІV Сергіту сәті.
ІІ тапсырма
Дұрыс тамақтану.
Дұрыс тамақтанбау.

Оқушылар өз ойларын қағазға жазады.
V Оқулықпен жұмыс: ( оқушыларға мәтінді оқып түсіндіремін және
іштей 1 рет оқытамын.)
Сұрақтарға жауап аламын.

V Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?

VІІ Үйге тапсырма
Үйге Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі мәтінін түсіну
VІІІ Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жетондар арқылы бағалаймын.


Скачать


zharar.kz