Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Блок тақырыбы: Біздің кіші достарымыз
Апта тақырыбы: Қанатты достар
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету.
Дамытушылығы: Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері. ұя, тал, слайд.
Жүру барысы!
Шаттық шеңбер:
Құстарға біз барамыз,
Бірге ән де саламыз
Қуанамыз, күлеміз
Асыр салып ойнаймыз.
Жаңа сабақ:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айларын атайықшы балалар.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Балалар бүгін біздер құстар жайында білетін боламыз.
- Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Салқын түсе жылы жақа ұшып кеткен құстарымыз, көктемде қайтып оралады.
- Балалар қараңдаршы, торғай – өзі кішкентай, дөңгелек тәрізді тұмсығы да аяқтары да кішкене құс. Бұлар топтасып ұшып жүреді. Торғайлар дәнмен қоректенеді. олар дән жегенді ұнатады. Адамдар торғайларға жемсалғыш жасап, қамқорлық көрсетеді.
- Қарлығаштың бауыры ақ қалған жері қара қанаты сүйір құйрығы айыр, ол адамға дос. Ұясын үйдің айналысына салады.
- Қарғаның денесінің түсі қара, тамақ талғамайды, кез келген тамақты мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
- Құстар біздің досымыз, құстар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстарға адамадар ағаштан ұя жасап қояды.
Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Ғажайып сәт:
Құстар патшалығының ханшайымы қонаққа келеді.
- Сәлеметсіздер ме балалар!
- Мен құстар патшалығының ханшайымымын. Құстар тақырыбында ашық оқу қызметі
өтіп жатыр деп естіп әдейі қатысуға келдім.
- Мен өзіммен бірге құстарға арнап ұя ала келдім.
- Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі ұя?!
- Атай ұяңызды ашып көрсетіңізші, ұяшық ішінде не бар екен?- деп біздің балалар асыға тосып отыр.
- Балалар менің тапсырмамды орындасын сонда ғана көрсетемін.
Дидактикалық ойын: Қандай құстың дауысы?
Ата:
- Балалар, жарайсыңдар менің құстарымның дауысын жақсы айыра біледі екесіңдер. Енді мен сендерге ұяның ішінде не бар екенін көрсетемін.
Құстарға жем шашылады.
- Сендер менің құстарыммен дос екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!
- Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
(Балалар жауабы)
- Ал, енді балалар Ұшты - ұшты қимылды ойынын ойнайық.
Ұшты, ұшты қарға ұшты
Ұшты, ұшты түлкі ұшты
Ұшты, ұшты торғай ұшты
Ұшты, ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты, ұшты машина ұшты
Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
- Жарайсыңдар, балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар?!
Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 Көркемай балабақшасы
I кіші топ тәрбиешісі
Ситкалиева Анаргул Боранбаевна