Жазуға қолдарын жаттықтыру

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: Әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.
Сөздік жұмыс: Тай, тас, тон.
Қостілділік компонент: Сағат - часы

Мотивациялық - қозғаушылық
1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлерімен жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.

Ұйымдастыру - іздестіру
Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады.
2. Балалар суретте ненің бейнеленгенін сұрау.
- Ненің суреті?
- Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Т - Дыбысы дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді.

Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату:
Т дыбысынан басталатын сөз ойла тапсырмасы:
Д ойын: Т әрпін тап Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
3. Тіл ұстарту жаттығуын өткізу.
Та - та - та
Ата, берші бата.
4. Дәптермен жұмыс.
Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.
Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.
Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау.
Т әрпін ауада жазу.
Т әрпін бастырып жазу.
Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.
Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.
Т дыбысы және әрпі. жүктеу


Скачать


zharar.kz