Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар

Скачать

Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар.

● Байлар ақшасы мен уақытын үнемдейді.
● Кедей бар тапқанын жаратады, байлар тапқанын жинайды.
● Кедей жомарттықты көп жасайды, байлар ұстамды келеді.
● Кедей ұсынған бағаға сатып алады, байлар үнемі жеңілдік сұрайды.
● Кедей ашкөздігінен үнемі екі рет төлем жасайды.
● Байдың артық ақшасы жоқ, кедейде үнемі ақша бар.
● Байлар жоспарсыз сауда жасамайды.
● Байлар өмір сүруге жетерлік қаражатқа күнелтеді, ал кедей өзін парсы Шейхы секілді бейнелейді.
● Кедей шамасына қарай табыс табады, ал байлар айналасындағылардың бәріне жетерлік табыс табу жолын іздейді.
● Бай байға, кедей кедейге көмектеседі.
● Байлар кіріс әкелетін нәрсеге салым жасайды, кедей шығынға салым жасайды.
● Байға 1000 теңге берсең миллионға айналдырады, кедейге миллион берсең жоғалтады.
● Байлар шығынды бақылауда ұстайды, кедей ақшасының қайда кеткенін білмейді.
● Кедей ақша туралы ойлайды және сөз етеді – байлар ол туралы тіс жармайды.
● Ақша кедей үшін – өмірлік мақсат, байлар үшін ақша – мүмкіндік.
● Байлар ақшаны басқарады, ал кедейді ақша басқарады.
● Кедей несиеге өмір сүреді.
● Байлар нақты міндеттер мен сандармен жұмыс істейді.
● Кедей әрқашан мұқтаждықта.
● Рухани бай адамға ақша да билік де кедергі келтіре алмайды.
● Кедейге байлық беріңіз, сонда оның барлық әлсіз тұстары көрінеді.
● Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
● Кедей байды жек көреді, бай кедейге мән бермейді.
● Бай кедейді тыңдайды, ал кедей байды естімейді.
● Кедей өзінен басқаның бәрін кінәлі санайды – бай себебін өзінен іздейді.
● Кез келген кедейдің бойында бір бай жасырынып отыр.
● Кедейді асығыстық және шыдамсыздық қасиеттері ерекшелейді.

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz