Тайыр Жароков (1908 - 1965)
Жақсы екен
Құм жолы асфальт емес қой,
Кездеседі дөңес, ой,
Мінгеніміз сұр газик,
Тоқтауды ол білместей,
Заулайды көз ілеспей,
Дөңгелегі құм қағып.
Ал, газиксіз, жай жүріп,
Жазсақ өлең ел көріп,
Демессің жыр тапшы екен.
Үйкүшік боп қалада
Отыра бермей, арада
Өмірмен өзің далада
Кездескенің жақсы екен.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 а сынып оқушысы Бисенбаева Жаннұр