Қайталау білім анасы

Скачать

Бопанова Дана Кайратовна

Сабақтың тақырыбы: Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Дамытушылық: есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жаттығулар жұмыстары арқылы дамыту, өз бетінше орындату дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу істеу арқылы ынта арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру
Тәрбиелік: есім сөз тақырыбын пысықтау кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, оқушыны отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.
Типі: қайталау
Түрі: Ашық журнал сабағы
Сабақтың әдісі: Қайталау білім анасы . Біліміңді мыңға жығады , Кітап - досың, ақылшың , Біліміңді байқап көр , Жеті жұрттың тілін біл
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыз Ашық журнал сабағы деп аталады. Сабағымыздың тақырыбы:( Есім сөздерді қайталау
Біздің бүгінгі мақсатымыз: есім сөздер тақырыбынан алған білімдерімізді одан сайын жетілдіру, дамыту. Олай болса:
Қайталау – оқу анасы
Мақалдың бір данасы
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы - демекші, Ашық журналымыздың І Қайталау – білім анасы


Скачать


zharar.kz