Жүйенің өзгеру мен даму процестерін көрсететін модель

Скачать

Информатика пәні мұғалімі Туралиева Г. С.

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Мақсаты:
І. Білімдік: Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру;
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.
Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар объектінің моделі ұғымын, модельдерді кластарға бөлуді, модельдердің негізгі кезеңдерін, модельдерге мысалдар келтіре алуы керек.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жазбаша жұмыс, интерактивті тақтада жұмыс.....

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Қайталау аралы.
Тест сұрақтары
І нұсқа
1. Жүйенің өзгеру мен даму процестерін көрсететін модель?
а) ақпараттық; ә) статикалық;
б) динамикалық; в) материалдық.
2. Қоршаған ортаны тану мақсатында модельдерді құру мен зерттеу... деп аталады.
а) модель; ә) модельдеу; б) формальдау; в) пішімдеу.
3. Модельдеудің ұсыну формаларын атаңыздар.
а) ақпараттық, материалдық; ә) оқулық, иматациондық, тәжірибелік;
б) статикалық, динамикалық; в) сөздік, логикалық, арнайы, математикалық.
4. Ақпараттық модельдерге кіретіндер:
а) сызбалар, кестелер, формулалар; ә) сөздік, логикалық, арнайы;
б) оқулық, иматациондық, тәжірибелік; в) мәтіндік, логикалық, сызба.
5. Қойылған мақсатқа нәтижесі сәйкес келетін модельдеу процессінің кезеңі.
а) модельдің мақсатын қою; ә) модельді өңдеу;
б) компьютерлік эксперимент; в) модельдеу нәтижесін талдау.
6. Модельдеудің жіктелу ерекшеліктерін атаңыздар.
а) барлық жауаптары дұрыс; ә) уақыт факторына байланысты;
б) қолдану аймағына байланысты; в) берілу тәсіліне байланысты.

ІІ нұсқа
1. Осы уақыттағы жүйенің күйін көрсететін модель?
а) ақпараттық; ә) статикалық;
б) динамикалық; в) материалдық.
2. Объектінің, әлем процесстерінің нақты немесе ойдан шығарылған бейнесі... не деп аталады?
а) модель; ә) модельдеу; б) формальдау; в) пішімдеу.
3. Модельді сипаттап отырып, объектіні талдау процесі модельдеудің қай кезеңіне жатады?
а) модельдің мақсатын қою; ә) модельді өңдеу;
б) компьютерлік эксперимент; в) модельдеу нәтижелерін талдау.
4. Материалдық модельдерге кіретіндер:
а) геометриялық, химиялық, математикалық; ә) сөздік, логикалық, арнайы;
б) оқулық, иматациондық, тәжірибелік; в) мәтіндік, логикалық, сызба.
5. Басқарудың тиімді тәсілдерін анықтау және әрекетті болжау үшін не керек?
а) модель; ә) модельдеу; б) формальдау; в) пішімдеу.
6. Объектілер мен процесстердің кейбір параметрлерін көрсететін формулалар модельді ұсынудың қай формасына жатады?
а) геометриялық; ә) арнайы; б) математикалық; в) графикалық

Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу. жүктеу


Скачать


zharar.kz